Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болып, толық сөндірілді деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Төтенше жағдайлар министірлігі мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабар сағат 12:00 түскен. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде “Кенжехан-2” киім-кешек базарының аумағындағы контейнерлік үлгідегі қоймадан өрт шыққаны анықталды.
Төтенше жағдайларды жедел жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады.
“Сағат 12:52-де өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда”, – делінген хабарламада.