“Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 120 мыңнан астам тұрғыны бар 63 ауылда 19 млрд теңгеге 148 жоба іске асырылды, 3 000-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы 34 ауылдық елді мекенде 10 млрд теңге сомасына 62 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 64 км автомобиль жолдарын, 53 км инженерлік желілерді және 28 әлеуметтік нысанды салу және жөндеу қарастырылған. Бұл елді мекендердің 105 мыңнан астам тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға, 450 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ апатты бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 8 бөгетті күрделі жөндеу жоспарланған.