Астанадағы Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Kazakhstan Cycling Federation мәліметінше, Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala кезінде веложарысқа қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, қаза болған.
“Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмады. Жарыста кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды”, – делінген ресми хабарламада.
Веложарыс ұйымдастырушылары марқұманың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Веложарысты тоқтатуға шешім қабылданды. Спорт додасы екі күнге – 15-16 шілдеге жоспарланған болатын.