Қазақстанда Әкелер күні тойланып жатыр деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Наурыз айында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында аталған мерекені бекіту ұсынысы көтерілген болатын. Бастама негізінде Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу жоспарланды.
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанда мамырдың екінші жексенбісінде тойланатын Аналар күні бекітілген еді.
Әкелер күнін атап өтуге бастамашы болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мереке еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.
“Мерекелік күндердің тізбесіне “Әкелер күні” мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар”, – деп мәлім етті министрліктен.