No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ертіс өзенінен 9 күн бұрын жоғалған адамның көлігі мен денесі табылды

26.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
17
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Павлодар облысында Ертіс өзенінен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамның денесі мен көлігі табылды деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Белгілі болғандай, құтқарушылар 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.

“25 маусымда Ертіс өзенінде жедел-іздестіру шаралары барысында бес метрдей тереңдіктен 10-15 метр қашықтықтан эхо-зонометрдің көмегімен автокөлік табылды. Сүңгуір суға түсіп, көліктің төңкеріліп жатқанын растады. Арнайы техниканың көмегімен көлік жағаға шығарылып, 102 қызметіне тапсырылды. Көлік ішінен жоғалған адамның денесі табылды”, –делінген Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінде.

Осы күндер ішінде полицейлермен бірге жергілікті VITA іздеу жасағының еріктілері де ер адамды іздеген. Олардың айтуынша, жоғалған күні таңертең 32 жастағы павлодарлық азамат “Mazda” көлігін Заңғар ауылынан Ямышево ауылына қарай айдап кетіп, сол жерден құрал-саймандарын алып, жұмысқа шығуы тиіс болған. Бірақ сол күйі шықпаған. Еріктілер сол күні марқұмның WhatsApp желісі арқылы туыстарына видео жолдағанын, содан кейін телефоны өшіп қалғанын анықтады.

Кейін іздеушілер ер адамның соңғы рет болған жерін анықтағанын хабарлайды. Айтуларынша, бұл оның телефонының бағытын анықтау және сараптама арқылы расталған. Еріктілер жақын жерде тік жартас бар екенін атап өткен. Су бетін зерттеу үшін жаңғырық пайдаланылған.

“Кеше біз көмек сұрап жүгінген адамдардың бірі бұл жерді жаңғырықпен тексерді, қазір көлік өзеннен шығарылды. Жігіт табылды, қаза тауыпты. Қандай сезімде тұрғанымызды айтудың өзі қиын. Отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деп жазды еріктілер Instagram парақшасында.

Айта кетейік, жоғалған адамды іздеуге әскери қызметкерлер мен кинологтар да жұмылдырылған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алма бізге маусымға дейін iPhones сатып алуды айтып берді ме?- CNET

05.05.2025
фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Электросамокаттарға жаңа шектеулер қойылмақ

07.08.2023

Бейнеуде жастар арасында жаппай төбелес болды

17.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа