Kaspi.kz қолданушылары арасында жақында болған «Каспий жұма» кезінде тауар бағасының өскені туралы видео тарады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Автор сөзіне сүйенсек, жеңілдіктер басталмай тұрып арзан болған ұялы телефондар науқан кезінде бірнеше есеге өскен.
“ Айфон 13 телефоны «Каспий жұмаға дейін 572 мың болған, ал қазір жеңілдіктер кезінде 655 мыңды көрсетіп тұр”- дейді ол.
Kaspi Жұмада көбіне тұрмыстық техника, электроника, үйге арналған тауарлар, киім, аяқ киім мен аксессуарлар сатып алған. Алайда, тұтынушылар науқан аясында тауардың үстінен еселеп қосылған ақша халықты қанау деп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 14-16 шілде аралығында Kaspi.kz қолданушылары арасында “Каспий жұма” жеңілдіктер науқаны өткен болатын.