No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мұғалімдердің педагогикалық әдеп қағидаларын меңгеруі маңызды

13.05.2023
Әлеумет
99
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Жуырда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Әдеп әлемі» атты өзекті әрі мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – мұғалімдерге педагогикалық әдеп қағидаларын білуді және қолданудың маңыздылығын меңгерту. Кездесудің құрметті қонақтары ауданымыздың аты аңызға айналған, дана да білікті басшы, көреген ұстаз Темірқұлова Әсемкүл Құрмашқызы мен білікті ұстаз, физика майталманы, 1990 жылы мектебіміздің алғашқы қазақ сыныптарын ашқан Мұхамедияров Бекен Мұхамедиярұлы болды. Сонымен қатар, өз маманының шебері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Толысбаева Дәмеш Толысбайқызы да осы ортадан табылды.
Қонақтарымызды Утарова Арманайдың жетекшілігіндегі домбырашылар ансамблі қасиетті күймен қарсы алды. Іс- шараны мектеп директоры Досаева Бағлан Беделбайқызы алғысөзімен ашты. Кездесуде, ұлағатты ұстаздар «Әдеп – білімнен бұрын келеді» – демекші жас мамандар мен мұғалімдерге білім берумен қатар, педагогикалық әдептің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы аса құнды білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Педагог мәртебесі – педагогикалык әдеп қағидаларымен қатар, еңбектің адалдығымен келетіні жайлы кеңінен сөз болды. Педагогикалық әдеп ең құнды қасиет болып қала беретінін, өздерінің 45 жылдан астам ұстаздық тәжирібелерінде ұстанғандарын мысалдармен келтірді. Сонымен қатар, әлеуметтің жағдайына қарамастан баланың жүрегіне жол табуды ұстану, балалардың мінез-құлқына аса мән беру, мән жайды білмей жатып балаға шүйлікпеу, балаға дауыс көтермеу, әлі толық қалыптаспаған бала үшін аталған талаптар қай кезде де маңызды болып қала беретінін атап өтті. Педагог жемісі – ұзақ, қажырлы еңбекті қажет ететін мамандық болғандықтан, төзімділік деген қасиеттің өзектілігіне де тоқталды. Оның үстіне қазіргі заманауи балалардың алдында мұғалімдер сыйлы болу үшін, өз білімдерін жетілдіріп отыру керек екендігін ескертті. Іс-шара соңында, мұғалімдер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Әсерлі ән шашуын мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Тастанбекова Фарида орындады. Айтыскер ақын Тұрсын Шынарбек ұлағатты ұстаздарға тамаша арнауын арнады.
Кездесуден түйгеніміз «Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық» деген атқа лайық болу үшін педагогикалық әдеп рөлінің орасан екеніне куә болдық. Ғибратты әңгіме мен керемет кездесу жағымды аура қалыптастырды. Қонақтарға алғысымыз шексіз.
  Қансұлу Қармысова,
мектептің әдеп кеңесінің төрағасы.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

2,4 трлн теңгеге жаңа мектептер салынбақ

24.08.2023
фото: ашық дереккөз

Жұмыссыз ата-аналарға шамамен 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

21.08.2023

“Барлығын кәсіпкерлерге беріп жатыр”: Павлодар облысының тұрғындары жайылым тапшылығына шағымданды

21.08.2023

Атырау облысында кәсіпкерлер заңсыз азық-түлік бағасын көтермелеген

12.08.2023

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері анықталды

10.08.2023

Ақтөбеде мүгедектігі бар азамат ХҚКО-ға тізесімен көтерілуге мәжбүр болды

09.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Жеке кәсіпкер (ИП) тіркелу жолдары қандай?

01.10.2022

Маңғыстау энергетикалық зауытында жүздеген заң бұзушылықтың беті ашылды

28.06.2023

Батыс Қазақстанда алаяқтар тұрғындарды 769 миллион теңгеге алдап кетті

18.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа