No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2023 жылы айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегі және төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты елде әлеуметтік көмек мөлшері өзгереді деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Берілетін кей жәрдемақы түрінің мөлшерін 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғайту жоспарлануда.

Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттары үшін әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, әйелдер жүктілік кезінде, босанғаннан кейін, сондай-ақ ата-аналар 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқылы.

Сонымен қатар елімізде мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар мен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Қазақстанның Әлеуметтік кодексінің аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған жәрдемақылардың бір бөлігі ұлғайтылады. Бұған дейін елімізде 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері – 6,4-тен 7,4 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 2023 жылы 25 530 теңгеге дейін өсетіні туралы хабарланған болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл өсім басқа санаттағы азаматтарға, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға да қатысты.

“Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға өседі”, – деді ведомствоның вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Қолданыстағы заңға сәйкес, мүгедектіктің тобы мен себебіне байланысты бұл жәрдемақының мөлшері 1,04 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 3,44 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін, яғни айына 42 190 теңгеден 139 551 теңгеге дейін өзгереді.

Әлеуметтік кодекстің 176 бабына сәйкес, аталған жәрдемақының ең төменгі мөлшері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша 48 681 теңгеге, ең жоғары деңгейі бойынша 159 834 теңге дейін өседі.

Еске сала кетейік, мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері де 14,5 пайызға өседі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандағы криптонарық: FinTech Lab немесе сынақ алаңы

14.06.2022

4 пайыздық автонесие: қалған қаражат банк есепшотына аударылды

19.08.2022
фото: ашық дереккөз

Павлодардағы сотта әкім соққыға жыққан жәбірленушіден кешірім сұрады

19.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа