Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов сенат кулуарында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасының шетелде активтері бар-жоғы тексерле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kazbusinesss.kz
Ол тексерілетін адамдардың тегін атамауды жөн көрді. Айтуынша, заңда бас прокуратура тексеретін субъектілердің критерийлері нақты анықталған.
“Егер сіз атаған адам осы критерийлерге сәйкес келсе, онда заң бойынша олар тексеріледі”, – деді Байжанов.
Сенат депутаттары 29 маусымда “заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы” заңды және оған қатысты түзетулерді мақұлдады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты тағы бір мәртебесінен айыратын заң Сенатта мақұлданды.