Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғарғы палата депутаттары Назарбаевты оның атымен аталатын мектептер, жоғары оқу орыны және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
29 маусымда Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаны жүзеге асыру үшін “Назарбаев Университетінің”, “Назарбаев Зияткерлік мектептерінің” және “Назарбаев Қорының” мәртебесі туралы” заңдарға өзгеріс енгізу қажет екен.
“Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген”, – делінген хабарламада.
Заңның қазіргі редакциясында аталмыш білім беру мекемелері мен қордың Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер өзгеріс қабылданса, қамқоршылық кеңесті президент немесе ол тағайындаған адам басқарады.