No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

“Өкпе-ренішін жазады”: Атырауда ерекше жәшіктер пайда болды

08.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қалада ішкі мұң мен шерді ақ қағаз бетіне түсіріп, арнайы жәшікке салатын орындар пайда болды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Мұндай идеяның авторы – атыраулық жас кәсіпкер, психолог Гаухар Исабекова.

Ерекше жәшік Жайық жағасындағы саябақтардың біріне қойылды. Оған кез келген адам өзінің өкпе-ренішін, қатты әсер еткен оқиғаларын, осы кезге дейін ұмыта алмай келген жан жарасын қағазға жазып, салады. Бір ерекшелігі – хаттардың авторы белгісіз болып қалады.

“Мұны мейнстрим деп те атауға болады. Өкпе-реніш жәшіктері Алматы, Бішкек, Мәскеу сияқты үлкен қалаларда ұйымдастырылды. Маған да “Атырауда неге осылай жасамасқа?” деген ой келді. Жәшіктің бетіне “Жаныңызды қатты жаралаған оқиға” деп жазып қойдық. Әр түрлі жастағы адам өзінің сырын, қандай адам қандай сөздерімен жаралағанын жазған. Әсіресе жастар қызығушылық танытты. Өйткені олар бұл трендті жақсы біледі”, – дейді жоба авторы Гаухар Исабекова.

Айтуынша, 80-ге жуық хат түскен, олардың 90 пайызында ата-анаға деген реніш жазылған. Мысалы авторлардың бірін анасының: “Сені бекер тудым” деген сөзі қатты жараласа, ал енді бірі өздерінің сыныптастарынан, ұстаздарынан буллинг көргендерін жазған.

“Өкінішке қарай көптеген жастар өздерінің ата-анаға деген ренішін жазған, олардан естіген ауыр сөздерін бөліскен. Хаттарды жинап алып, оқып, оны видеомен әлеуметтік желіге жүктедік. Комментарий арқылы басқа адамдар жылы сөздерін жазсыншы, жұбатсыншы деген ой болды. Ал негізгі мақсатымыз – ата-аналарға, болашақ аналарға ой салу, яғни баламен қарым-қатынаста сөзімізге абай болу керегін жеткізгіміз келді”, – дейді әлеуметтік жоба авторы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба мамыр айында бастау алған, алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені атыраулық жастар тарапынан қызығушылық бар.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қайрат Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленеді?

01.04.2023

Сұранысқа ие мамандық: Аудитор

04.01.2023

Инвестициялық несие дегеніміз не?

07.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа