No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандады

11.05.2023
Әлеумет
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде тұрғын үйлер арзандай бастағандықтан, ел тұрғындарының баспанаға сұранысына бірден әсер етті. Халықтың тұрғын үй сатып алуға деген сұранысы қанша пайызға өскені туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметтер жариялады.

Бюро мәліметінше, бір ай ішінде (2023 жылғы сәуір 2023 жылғы наурыз аралығы) тұрғын үй нарығында арзандау барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6 пайызға, пәтерлерді қайта сату 1,5 пайызға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5 пайызға арзандады.

Сонымен қатар бір жыл ішінде (2023 жылғы сәуір 2022 жылғы сәуір аралығы) пәтерлерді қайта сату бағасы – 3,8 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату – 7,8 пайызға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы сәуірде 27,6 пайызға артқан.

Бір жылда сұраныс қалай өсті?

2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7 пайызға (5 351 мәмілеге) өскен. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3 пайызы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2 пайыз) тиесілі.

Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29 пайызға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.

Бұдан бөлек сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды. 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5 пайызға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 – 17,7 пайыз) және Астана (4 772 – 15,2 пайыз) қалалары көш басында. Ұлытау облысында ең аз 342 бірлік (1,1пайыз) мәміле тіркелген.

2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2 пайызға), Маңғыстау (45,5 пайызға) және Ақтөбе облыстарында (45,2 пайызға) тіркелді. Сондай-ақ оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалған.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

2,4 трлн теңгеге жаңа мектептер салынбақ

24.08.2023
фото: ашық дереккөз

Жұмыссыз ата-аналарға шамамен 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

21.08.2023

“Барлығын кәсіпкерлерге беріп жатыр”: Павлодар облысының тұрғындары жайылым тапшылығына шағымданды

21.08.2023

Атырау облысында кәсіпкерлер заңсыз азық-түлік бағасын көтермелеген

12.08.2023

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері анықталды

10.08.2023

Ақтөбеде мүгедектігі бар азамат ХҚКО-ға тізесімен көтерілуге мәжбүр болды

09.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Депутат: “Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі”

24.04.2023

Танымал кәсіпкер Қуаныш Шонбай оқуға кеңес беретін 7 мотивациялық кітап тізімі

09.12.2022
фото: ашық дереккөз

Каспий жағалауында тағы да қамыс өртеніп жатыр

07.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа