Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан болашағына әсер ететін және алдағы уақытта шешімін табуды қажет маңызды мәселелердің топтамасын жасады. Оның ішінде қазақстандықтар арасындағы радиофобия мәселесі де бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Өткен жылдың жазында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев байланыс пен интернеттің сапасыз қызметтері үшін операторларға жазаны қатаңдататын заңға қол қойды. Бірақ ол уақыттан бері жағдай жақсара қоймаған.
Экономикалық зерттеулер институты мәліметінше, Қазақстан 2023 жылдың қаңтар айында интернет жылдамдығы рейтингінде 138 мемлекеттің ішінде 91-ші орында тұр. Байланыс операторы бұл мәселеге ішінара тұрғындардың кінәсі бар екенін айтады. Қазақстандағы базалық станциялардың 1/5 бөлігі тұрғындардың радиофобиясына байланысты қайта бұзылады. Мысалы, байланыс операторларының бірі 2022 жылы бүкіл ел бойынша 340 станцияны қайта бұзуға мәжбүр болған.
«Осы жылға қойылатын мақсаттардың бірі – байланыс сапасын арттырумен қатар халықтың мәдениеті мен білімін арттыру арқылы радиофобиямен күресу», – деп атап өтілді Экономикалық зерттеулер институтында.
Айта кеткен жөн, радиофобия – бұл адамдардың электромагниттік сәулелерден, әсіресе электр желісіне қатысты құралдардан қорқуы. Қазақстанда байланыс станцияларының электромагниттік қауіпі бар деген қорыныш жиі тараған.