No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

 «SM» брендінің салтанат құруы

Сапалы матадан  сәнді көйлек тігіп, өзгеге ұқсамайтын өзгеше  киім үлгісін даярлайтын маман иелері ол әрине дизайнерлер. «Адам көркі-шүперек» деп бекер айтылмаса керек.  Талғаммен жасалған киім-кешектер кімнің болмасын көркіне көрік қосатыны анық.  Бүгінгі таңда сәнгерлердің  дәуірі жүріп тұр.  Сәнді көрінгісі келетін қыз-келіншектерде көп. Дәл осы талғамы биік тұтынушылардың көңілінен шығу үшін барын салып, еңбек етіп, отандық нарықта өз қолтаңбасын қалдырған дизайнерлер жетерлік . Соның бірі және бірегейі  атыраулық дизайнер Салтанат Мақсотқызы.

28.09.2022
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қырмызы қыздардың бәрі әдемілікке құмар келетіні секілді кейіпкеріміз  Салтанатта  сұлулық сырын сән әлемінен іздеген. Оның бұл жолға келуіне Жеңгесі себепкер. Тігіншілікке бет бұрғанына екі жыл болған. Алғаш рет Жеңгесінің тігін машинасына қызыққан бойжеткеннің ынтасын көрген жеңгесі оған тігін машинасын қолдану мен іс тігуді үйреткен. Тігіншілікке деген қызығушылығы артқан Батыстың батыл қызы өз жұмысын осы салаға ауыстырған. Дизайнерлік жолға алғашқы қадамдар осылайша бастау алған.

 

-«Балдаурен балалық шақтан  бастап сәнге қызықтым. 7-сынып оқып жүрген кезімде қыздардың бейнелері  мен әртүрлі көйлектерді қағаз бетіне түсіретінмін. Осы қабілетімді анам байқап, Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясына оқуға жіберді. Дизайнерлік білімімді осы жерде жалғастырдым. Осы орайда отбасыма алғыс айтқым келеді.. Қандай жағдай болмасын, олар мені үнемі қолдайды. Әкем – ихтиолог, анам – мұғалім. Әпкем мен сіңілім Астанада оқып жатыр. Әпкемнен үйренгенім көп. Ал сіңіліме сол әпкемнен алған тәлім-тәрбиемді үйретуге тырысамын. Менің үлкен мотиваторым – отбасым. Кез келген жағдайда ата-анаммен ақылдасамын»- дейді сән әлемінің ханшайымы.

Оқушы кезінде “Max Mara fashion style” дүкенінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істеген Салтанат. Бір күні өзінің идеясымен тігілген көйлекті жұмысқа киіп барған. Дүкенге келген клиент киіміне қызығушылық танытқан. Содан «егер менің қолымнан іс тігу келетін болса, мен неге басқа адамның қол астында жұмыс істеймін?» деген ойға келген. Содан бастап тігіншілікке түбегейлі бет бұрған.

Алғашқы кезде үйден тапсырыс қабылдай бастаған Салтанаттың жұмысы алға жылжып, бір жылдың ішінде  алған тапсырыстар саны артқан. Үйдегі жұмысы кешкі 19:00-ден, түнгі 2-ге дейін жалғасатын. Үйде тігу мүмкін емес болғаннан кейін, отбасымен ақылдасып, тігін ательесін, кейін той көйлектері салонын ашқан. Сол уақыттан бастап тұтынушылардың басым бөлігі туындыларына қызығушылық танытып, оның қолынан шыққан әр киімді сатып алушылар саны көбейген.

Әңгіме барысында Ательесіне жұмыс істейтін қызметкер таңдауда қиналатынында тілге тиек етті. Себебі, олар сенімен үндес, пікірлес болуы маңызды дейді. Бір жанұяға айнала алатындай адамдарды таңдаған дұрыс. Қазір жанында өзімен бірге жұмыс істейтін, үш тігінші бар. Айтуынша, барлығы да өзімен құрдас.

Салтанат Мақсотқызы көбінесе тігіншілердің кәсібилігінен гөрі адамгершілік қасиетіне мән береді. Өйткені, адамгершілігі бар адам жұмысты да жақсы атқара алады деген ойда. Сапалы туындыны өмірге әкеліп, оны тұтынушының көңілінен шығатындай етіп жасау ол біліктілікті қажет ететіні жасырын емес. Сәнгердің айтуынша, тігілген киімнің жақсы болуы матаға тікелей байланысты екен. Ол, алғашында тігінге қажетті матаны Атыраудан алып жүрген. Қазіргі таңда тапсырыстарды Қытай, Оңтүстік Кореяның маталарымен тігеді.

 

-«Табысқа бірден қол жеткізем деу ол асығыстық. Өзіңнің жолыңды, бағытыңды бір ізге салмайынша жұмыстың нәтижиелі болуы екі талай дүние. Ісіңіздің алға басуы үшін ойыңыз бет қатар ақшаңызды да салым ретінде саласыз. Әр киімді тігу үшін ыждахаттылық керек. Егер сіз тіккен киім сұранысқа ие болса онда еңбектің ақталғаны. Көпшілік қауымның көңілінен не шығады? Оларға не ұнайды? Осыны білу үшін нарықты үнемі зерттеп отыру қажет. Өзгеде дизайнерлермен пікір алмасып, олардың ойымен санасу аса маңызды»- деп табыс сырымен бөлісті Мақсоттың Салтанаты.

Сұхбат барысында той көйлегін тігіп осыдан қалай пайда тапқаны туары да ашық айтты. Ең алғашқы той көйлегін тапсырысқа алған кезде қатты толқыдым. Белдемше мен көйлекке ғана тапсырыс алып жүрген кішкентай қыз үшін той көйлегін тігу – үлкен жетістік.

Қыз ұзату көйлегін де тапсырыспен тіккенмін. 2016 жылғы жаңа коллекциямдағы той көйлектерін қаламызға таныстырдым. Нәтижесінде тапсырыстар өте көп түсті. Сұраныс көп болғандықтан, өзімнің той салонымды ашқым келді. Мұнда қыздар тойға көйлекті жалға ала алады. Жалға алу бағасы 80000 теңгеден басталса, арнайы тапсырыспен тігу 150000 теңгеден басталады.

Той көйлектері салонын ашуға 2 миллион қаражатымды жұмсадым. Аллаға шүкір, бүгінде кәсібім өз табысын артығымен ақтап жатыр. Былтыр сәуір айында Астанадан да бутигімді аштым. Бірақ, оған көп қаражат жұмсамаймын.  Киім брендім қазақстандық дизайнерлердің киімдерімен бірге тұрады. Осы күнге дейін, барлық қалаларға тапсырыс жібердім деп айта аламын. Шыны керек, өз қаламнан бөлек Ақтау мен Алматыдан тапсырыс жиі түседі.

“SM” брендінің ерекшелігі неде? деген сауалымызға

-Брендімдегі киімдердің жабық әрі ұзын болуы дизайнерлік жағынан ерекшелігімді көрсетеді. Осы уақытқа дейін ешкімге ашық көйлек тіккен емеспін, тікпеймін де. Егер клиенттің беріп тұрған тапсырысы ашық немесе қысқа болса қабылдамаймын. Өйткені, ондай дүниенің қолымнан шыққаны мен үшін ұят. Мысалы мен галстук тігу, шалбар қысқарту немесе жаңа жылға  Аяз атаның киімін тігіп беру деген сынды дүниелерді жасағым келмейді- деп жауап қайтарды.

Тігіншілік саласын кәсіби тұрғыда 2 айлық курста ғана оқыған аруымыздың туындыларына әлі мін тағылмапты.Оған осы күнге дейін “тігісің дұрыс емес” деп сын айтқандар болмаған.  Аз уақыттың ішінде табысты кәсіпкерге айналып сән әлемінде атын айшықтаған қабілетті қыздың талабына қарап тамсанбасқа шара жоқ. Тігіншілік «екінің біріне, егіздің сыңарына» беріле бермейтін қасиет. Дизайнерлік ойдың ұшқырлығын, жаңашыл көзқарасты талап ететін сала. Он саусағынан өнер тамған таланттылардың ортасы бұл-сәнгерлер ордасы екені даусыз. Таланттар шоғырынан шоқтығы биік болып дараланса деген ізгі тілек бар. Әр адам өзіндік қолтаңбасымен ерекше ғой. Болашақта әлем танитын үлкен масштабтағы дизайнер болуына тілектеспіз. Сән әлемінде салтанат құр Мақсоттың Салатанаты. Жарайсың!

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

АҚШ Қазақстанға санкция салуы мүмкін

26.04.2023

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы субсидиялаудың бес түрін алып тастайды

26.09.2022
SEOUL, SOUTH KOREA - MARCH 12:  A bank employee counts U.S. dollars banknotes at the headquarters of the Korea Exchange Bank March 12, 2003 in Seoul, South Korea. The dollar began stronger against the won amid a bleak economic outlook and the growing concerns over the North Korean nuclear crisis, closing at 1,245 won per dollar, up 15.10 won.  (Photo by Chung Sung-Jun/Getty Images)

Доллар бағамы бір күнде күрт өсті

26.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа