No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Жетісуда “Салтанат” алмасы сая жайып тұр

Биыл Жетісу облысында 23 мың тоннаға жуық алма жиналады деп күтілуде.

16.08.2022
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
12
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл Жетісу облысында 23 мың тоннаға жуық алма жиналады деп күтілуде. Жалпы бақтардың алаңы 5200 га асады, соның 3700 гектары – алма бағы. Ескелді ауданындағы бір ғана «Савченко» шаруа қожалығында алманың 15-тен астам түрі өсірілсе, соның басым бөлігі – отандық сорт. Соның ішінде «Алматы апорты», «Алматы Синабы», «Рубин», «Айдарет», «Рашида», «Золотое превосходное», «Алатау арайы» және т.б. түрлері бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Савченко 30 жылдан астам уақыттан бері алма бағымен айналысады. 1990 жылдары колхоздан бөлініп шығып, дөңнің үстінде қараусыз жатқан шағын бақты пай есебінде алған. Тынымсыз еңбектің арқасында бірте-бірте бақ жемісін бере бастады. Алманың ала түспен бояп қойғандай көрінетін отандық «Салтанат» сорты бірінші болып жемісін жегізді. Владимир Алексеевич алма ағаштарын күтіп-баптаудың жайын өз бетімен үйренді, қатесінен сабақ ала жүріп, тәжірибесі толысты, түрлі семинарларға қатысып, мамандармен пікір алмасып, әр қилы әдебиеттерді оқып, бағбандық шеберлігін жетілдірді. Бүгінгі күні Теректі ауылында орналасқан бағы 38 гектарға жеткен. Жалпы бір маусымда одан 100-120 тонна алма жиналады.

«Ниет болса бәріне қол жеткізуге болады. Оған қоса төзімділік пен еңбекті серік етсең, дегеніңе жетесің. Жалпы біздің табиғи-климаттық жағдайымыз бақ өсіруге, соның ішінде алмаға өте қолайлы. Теңіз деңгейінен 900-1200 метр биіктік – алмаға нағыз керегі осы емес пе! Су бізге тартылған каналдар мен құбырлар арқылы тау өзендерінен өз ағысымен келеді. Сонымен қатар тамшылатып суару әдісін пайдаланамыз. Әрине, алғашында қиындық болады. Бірақ еңбек бәрін жеңеді. Мұны осы кәсіпті енді бастап жатқан бағбандар білуі керек. Әсіресе алғашқы үш-төрт жылда бақты күтіп-баптауға көп көңіл бөлген жөн.  Сол бастапқы кезеңде біз мемлекеттен субсидия алдық. Ол да әжептәуір көмек болды. Дегенмен бақтың жемісін кемінде бес жылдан кейін көре бастайсың», – дейді ол.

Владимир Алексеевич өзі өсірген өнімдердің экологиялық таза екенін мақтан тұтады.

«Нағыз күтіп-баптайын кезеңінде бақты алма қотыры мен  жемір көбелекке қарсы жылына 2 рет өңдейміз. Өзім қатысқан семинарлардың бірінде тіпті жылына 15 ретке дейін өңдеу керек екенін айтты. Олай болған күнде әр алманың сыртын кемінде 1 см кесіп лақтыру керек. Ал бұл алманың сыртқы қабығындағы витаминдерді рәсуа қылу деген сөз ғой. Сондықтан мен бұл жайтты үнемі назарда ұстаймын. Біле жүріңіздер, егер алманың кесілген жері тез қарайып кетсе, онда ол жақсы алма, витаминдері бойында сақталған деген сөз», – дейді бағбан.

Қазір әкесінің ісін баласы жалғастырып келеді. Отбасылық кәсіпке немерелері де қолғабыс етуде. Мұнда алманы бүкіл әлемдегі сияқты әлі де қолмен жинайды. Жергілікті тұрғындардан 5 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Маусым кезінде жұмысшылар саны 20-ға барады.

 

«Савченко» ШҚ өнімдерінің шамамен 20%-ын Ресейге экспорттайды, қалғанын көтерме саудамен Талдықорғанға және еліміздің басқа да қалаларына өткізеді. Владимир Алексеевичтің бағында алманың қыстық сорттары да өсіріледі. Олар келесі маусымға дейін қоймада жақсы сақталады. Шаруашылықтың сыйымдылығы 75 тонна болатын жеміс қоймасы бар. Онда италиялық тоңазытқыш құралдар орнатылған. Мұндағы жемістер 0 ден +2 градусқа дейінгі температурада сақталады. Бағбанның айтуынша, қоймада сақталған алманың өн бойында бар сапалық қасиеттері мен табиғи дәмі мамыр-маусымға дейін, яғни жаңа маусым басталғанға дейін сақталып тұрады.

Оған қоса Владимир Савченко дәнді дақылдар мен құлпынай да өсіреді.

Қазіргі кезде құлпынай 3 гектар жерге егілген. Алқапқа тамшылатып суару құрылғысы орнатылған. Мұнда голландиялық «Альбион» және «Чезена» түрік сорты өсіріледі.

” Биылғы жылы 10 тонна құлпынай жинап, өткіздік. Қыста қардың аз болғаны біршама әсерін тигізді. Қазір өнімді толық жинап бітірдік, суаруды жалғастырудамыз, арам шөптен тазаладық, сөйтіп келесі маусымға жерді дайындап жатырмыз”, – деді бағбан.

Жалпы бүгінде Ескелді ауданында 600 га бақ бар, соның 500 гектары – алма бағы. Бақ өсірумен 60-тан астам шаруашылық айналысады, ауданда шамамен 2 мың тоннадай өнім алу жоспарланып отыр, ал облыс бойынша 23 мың тоннадай алма жиналады.

Жетісудың тау баурайларында ерте дәуірден бері өседі делінетін алма жемісінің тарихы жаңа заманда осылайша жалғасын тауып келеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

U.s. Синалар «AI диффузиясы» ереже «AI диффузиясы» ережесі Biden-Era Chip Tracs-тің қайта қаралуы – WSJ

15.05.2025

Елімізде такси қызметіне қатысты бірқатар өзгерістер енгізілмек

31.05.2023
Фото: видеодан скриншот

Әскерге сау кеткен сарбаз 8 айдан кейін ауруханадан бірақ шықты

26.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа