No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Алматының бірқатар тұрғын үйлерінде радиофобия әсерінен интернет жоқ

16.05.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
140
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Экономикалық зерттеулер институты радиофобияны шешімін табуды талап ететін еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде көрсеткен. Бұл мәселені Қазақстанда қызмет ететін байланыс операторлары да қозғап отыр. «Beeline» брендімен қызмет көрсететін «Кар-Тел» компаниясы тұрғындары шағымы салдарынан Алматының бірқатар тұрғын үйлерінде интернет сапасының төмен немесе мүлдем жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Аталмыш компания БАҚ өкілдеріне арналған кездесу ұйымдастырып, байланыс саласы және радиофобия туралы мәліметтермен бөлісті. Компания деректеріне сүйенсек, 2022 жылы тұрғындар шағымы бойынша 340 байланыс станциясы мүлдем алынып тасталған не басқа орынға көшірілген. Ал 2021 жылы адамдар қарсылығы салдарынан жоспарланған байланыс станцияларының 40 пайызы уақытында орнатылмаған және бүгінде өз уақытында орнатылмаған 627 станцияның жабдықтары қоймаларда тұр. Сондай-ақ, компания өкілдері әрбір үшінші байланыс станциясының құрылысы қарсылыққа тап болатынын айтады.

Ұялы байланыс операторының мамандары радиофобия мәселесі ауылдарға қарағанда ірі қалаларда кездесетінін айтады.

– Шалғай ауылдарда адамдар 2G не 3G жылдамдығымен отырады. Олар біз барсақ, қуана қарсы алады. Тіпті байланыс станциясы орнатылғанда ауыл болып той жасайтын жағдайларда кездескен. Бір қызығы – қала және аудан орталықтарының тұрғындары радиофобияға көбірек бейім болып келеді. Радиофобиядан басты зардап шегіп отырған Алматы және Астана қалалары, – деді «Кар-Тел» желісін пайдалану бөлімінің басшысы Руслан Аюпов.

Компания өкілі байланыс станциясынан қорқып, оны орнатуға қарсылық білдірген және соның салдарынан интернет байланысы жоқ не жылдамдығы төмен Алматыдағы тұрғын үй кешендерін таныстырып өтті. Олар:

  • «Alma city» ТК;
  • «Alma city-5» ТК;
  • «Верный» ТК;
  • «Береке» ТК;
  • «Шахристан» ТК;
  • «Сезам» ТК;
  • «Әлім» ТК;
  • «Samal Tower» ТК;
  • «Три Богатыря» ТК
  • «Жұлдыз-1», «Жұлдыз-2», «Орбита», «Тастақ», «Жас қанат» ықшамаудандары;

– Құрылыс жүргізуші компаниялар немесе МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) төрағалары бізден интернет қосып беруімізді сұрайды. Біз оған келісіп, жаңа тұрғын үйлердің шатырына шағын байланыс станцияларын орнатамыз. Бірақ біраз уақыт өткен соң, сол үйдің тұрғындары шағым жасап біздің құрылғыларды алып тастайды. Жақында мұндай жағдай Алматыдағы «4YOU» тұрғын үй кешенінде орын алды. Үй тұрғындары байланыс станциясын барлық тоқ көздерінен өз беттерінше ажыратып тастаған, әрі біздің компанияға ескертпеген. Бүгінгі күні бұл жерде тұратын адамдар қайтадан интернет әлсіз екеніне шағымданып отыр, – деп атап өтті Р.Аюпов.

Сондай-ақ, ол жалған ақпаратқа сеніп, байланыс станцияларын алып тастау салдарынан тұрғындардың өздері зардап шегетінін түсіндіріп өтті.

– Кей тұрғындар байланыс станцияларын үйдің жертөлесіне немесе үйден аулақ жерге орнатуымызды сұрап жатады. Бірақ мұндай жағдайда біздің станциялардан ешқандай пайда болмайды. Байланыс станциялары жақсы жұмыс істеуі үшін ешқандай кедергісіз бір-біріне қарап тұруы керек. Оның алдын бірнәрсе шектейтін болса, байланыс желілері одан өте алмайды. Сондай-ақ, айтылған станцияларды тиісті орынға емес, үйден алыс жерге орнататын болсақ, онда интернет тұрғын үйде емес, басқа жерде болатынын түсінбей жатады. Түптен келгенде, шағым жазып, базалық станцияларды алып тастағаннан кейін тұрғындардың өздері зардап шегеді, – деп түсіндіреді ол.

«Кар-Тел» желісін пайдалану бөлімінің басшысы заңның басшысы қауесет сөзге еріп, радиофобияға сенудің қажеті жоқ екенін айтады.

– Осы орайда, ұялы байланыс операторлары үшін өте қатал талаптар қойылатынын айта кеткен жөн. Бізде сантиметріне 10 микроватт соққы рұқсат етілген. Америка, Еуропа елдерінде бұл талап 100 не одан көп болуы мүмкін. Яғни, біздегі қуаттылық 10 есе аз, яғни қауіпі аз. Адамдарға жылдам интернет болғаны ұнайды, бірақ оған өздері қарсы әрекет жасайды. Тұрғындар қолдарындағы телефон базалық станциямен бір байланыс желісінде жұмыс істейтінін түсінуі қажет, – дейді Руслан Аюпов.

Байланысты Материалдар

Bitcoin Stalls дубльдер ретінде Джером Пауэлл Сабырлы келіссөздерден тұрады

17.07.2025

Дамушы нарықтардың жетекші стратегиясы ұзақ американдық ғасыр аяқталды дейді.U.S емес, Қытайға ставкаларыңызды қойыңыз. – MarketWatch

17.07.2025

Трамп үйдің көпшілігі Gop HOP-тің көпшілігі крипто-шоттарын қайтару туралы келіскенін айтады – Не білу керек – Forbes

17.07.2025

Қор биржасы Бүгін: NASDAQ фьючерстері слип;Табыс, инфляция мәліметтері – Тікелей жаңартулар – Wall Street Journal

17.07.2025

ASML акцияларының төмендеуі тарифтік белгісіздік туралы ескерту ретінде өсу туралы ескерту – Уолл-стрит журналы

17.07.2025

Tesla инженері компанияның айтуынша, компания қауіпсіздігі туралы мәліметтерді сақтайды – Law360

17.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Ресейдің экономика министрі елдің айтуынша, елдің айтуынша, Quest News

20.06.2025

ҰБТ-дан кейінгі аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай

30.05.2023

Ауыл тұрғындарына 2,5%-бен шағын несие беріледі

29.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа