No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Бақылау – касса машиналарын қолданушылар нені ескеру керек?

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабына сәйкес өз құзыреті шегінде басты қағидаларды тарқатты, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

29.09.2022
Kazbusiness, Жаңалықтар
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.

Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Салық органы, бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды.
Салық органы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығаруды, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою, тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу, есептен шығару фискалдық деректер операторының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады
Кассалық аппаратты кім қолдануы керек.

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар (қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар) модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Жеке тұлғалардың, жеке сот орындаушылар,адвокаттар мен медиаторлардың, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің, екінші деңгейдегі банктердің, діни бірлестіктер, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын қолма-қол есеп айырысуды қоспағанда, ұлттық пошта операторы, арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларына онлайн бақылау-касса машинасын қолданылмайды.

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.

Бақылау-касса машинасының чегі салық төлеушінің атауын, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін, бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін, чектің реттік нөмірін, тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және сатып алу сомасын, фискалдық белгіні, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.

2022 жылдан бастап мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн бақылау-касса машиналарын пайдаланатын салық төлеушілер сатып алушының ЖСН енгізу функциясын қосу арқылы бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалауы қажет.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.
Осылайша, тауарды сату (қызмет көрсету) кезінде сатушы бақылау-касса машинасының чегін беруге және сатып алушының өтініші бойынша бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының, алушының ЖСН көрсетуге міндетті.

Сатып алушының өтініші бойынша фискалдық түбіртек қазақ тілінде берілуі тиіс.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Заңның 10-бабына сәйкес, ҚР мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тізілімге, техникалық талаптарға сәйкес келетін, бақылау-касса машиналары енгізіледі. Яғни, мемлекеттік тілді ауыстыру техникалық талаптармен қарастырылған.

Бұдан бұрын, 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын.
Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы, шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.
Барлық сұрақтар бойынша 8/7282/60-11-18 телефон арқылы хабарласуға болады.

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Тоқаев Мирзиёевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

10.07.2023

Дәріханалардың еуростандартқа көшуіне кәсіпкерлер наразылық білдіруде

09.12.2022

«Қоқыс от»: бөлшек сауда компаниялары сатып алушыларды тарифтерді көтермес бұрын сатып алуға шақырады – CNBC

05.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа