Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек (көтерме) өткізуге арналған Лицензия алкоголь өнімінің барлық түрлерін (арақ, шарап, коньяк, бренди, сыра, ликер-арақ бұйымдары) өткізуге құқық береді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы Жетісу облысы бойынша МКД; электрондық үкімет порталы арқылы: www.egov.kz, www.elicense.kz.
Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге Лицензия қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.
Алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге Лицензия адамның орналасқан немесе тіркелген жері бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
• Өтініш;
• “электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі»;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен бекітілген «Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» талаптарына сәйкес беріледі.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
• Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар;
• Стационарлық үй-жайларындағы сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі;
• Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары.
Лицензия алу үшін лицензиялық алым сомасы:
• Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (306 300), көтерме лицензия үшін – 200 АЕК (612 600);
• аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде-70 АЕК (214 410); ауылдық елді мекендерде-30 АЕК (91 890);
• лицензияны қайта ресімдеу кезінде-лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% – ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем “электрондық үкіметтің” төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
• Лицензияны немесе оларды беруден дәлелді бас тартуды лицензиар өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
• Лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Алымды төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Лицензиаттар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын жыл сайын 25 наурызға, 25 маусымға, 25 қыркүйекке, 25 желтоқсанға дейін төлейді.