No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Банк лицензиясынан айырылса, депозиттегі ақшаны қалай қайтып алуға болады

18.06.2023
Керек-дерек
29
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ақшаны қандай да бір банкте депозит түрінде сақтайтындар аз емес. Бұл жинаққа жүретін жылдық сыйақы есебінен қаржыны екі еселеудің бірегей құралына айналды. Алайда, түрлі жағдайға байланысты депозит сақталған банк лицензиясынан айырылуы ықтимал. Сол кезде салымшылардың бойын «қаржымнан айырылып қаламын ба?» деген үрей билейді. Бірақ, бұл ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ақшаның иесіне қайтарылуын қамтамасыз етеді. Қазір kazbusiness.kz тілшісі сіздерге ақшаңызды сақтап қалу жолын көрсетеді.

Депозит сақталған банк лицензиясынан айырылса не істеу қажет?

Егер банк барлық операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылса, онда бірден үрейге берілудің қажеті жоқ. Өйткені, жинақтарыңыздың сақталуына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жауапты. Мәселен, аталған қор құрылғаннан бастап бүгінге дейін лицензиясы жойылған 11 банктің депозиторларына кепілді өтемақы төледі.

Қор қандай депозиттерге кепілдік береді?

Қор кепілдіктері жеке тұлғалардың барлық отандық банктердегі және (ислам банктері мен олардың филиалдарын қоспағанда) шетелдік банктердің филиалдарында жинақталған депозиттеріне жүреді. Оның ішінде бұл тетік қазіргі және карта шоттардағы ақшаларға қатысты да қолданылады.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры оның салымшыларына кепілді өтем төлейді. Бұл орайда салымның түрі мен валютасына қарай бекітілген шекті кепілдік мөлшері, сондай-ақ жинаққа есептелген сыйақы мөлшерлемесі де ескеріледі.

Кепілдіктің ең көп мөлшері заңнамамен бекітілген және оның сомасы салымның түрі мен валютасына қарай әртүрлі болады.

Атап айтқанда, белігіленген лимит шегіндегі мына мөлшерде өтемақы төленеді:

– теңгемен сақталған депозиттер бойынша – 20 млн теңгеден аспайды;

– теңгемен сақталған басқа депозиттер, банк картасындағы ақша мен шоттардағы жинақ бойынша – 10 млн теңгеден аспайды;

– шетел валютасында сақталған барлық депозиттер, банк картасындағы ақша мен шоттардағы жинақ бойынша – 5 млн теңгеден аспайды.

Өтемді есептеу барысында банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақы да ескеріледі.

Төлемдер қашан басталады?

Кепілді өтем банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде төленеді. Алайда, іс жүзінде бұдан да ерте беріледі. Мысалы, 2020-2021 жылдардағы сақтандыру жағдайлары бойынша таратылып жатқан «Tengri Bank», «Asia Credit Bank» және «Capital Bank Kazakhstan» банктерінің салымшылары өздерінің қаражатын 6-8 күнде алды.

Қор салымшыларға төлемнің басталуы туралы алдын ала хабарлама жолдайды. Айталық, заңнамаға сәйкес, банк лицензиясы жойылған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ресми БАҚ-та хабарландыру жариялайды. Онда төлемнің қашан басталатыны, мерзімі мен орыны, осы төлемді жүзеге асыратын агент банктердің атауы көрсетіледі. Сонымен қатар, мұндай хабарлама ҚДКБҚ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және агент банктердің сайтарында орналастырылады.

ҚДКБҚ мен агент банктер хабарландыру жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өтініштер қабылдап, төлеудерді аудара бастайды.

Салымшылар қай уақытта өтініш бере алады?

Салымшы төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде ҚДКБҚ немесе агент банкке өтем алуға өтініш пен қажетті растаушы құжаттарды тапсыра алады. Оларды қарап, қаражатты аудару туралы шешім қабылдау қызметі 5 күннен аспайды.

Айта кетейік, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлем мерзімінің аяқталатын оған жарты жыл және екінші рет 30 күн қалғанда хабардар етеді. Ол мәліметтер ресми БАҚ беттерінде және банктің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Төлем мерзімін өткізіп алған салымшы қайда жүгінеді?

Төлем мерзімі аяқталған соң, ҚДКБҚ салымшылардың талап етпеген ақшаларын олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударады. Бұл ретте ақшаны шотқа жіберу салымшылардың деректерін салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асады.

Егер салымшы төлем мерзімін дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса, тіпті оның ақшасы БЖЗҚ-ға аударылып кеткен күннің өзінде сол өтем ақшаны алу жөнінде Қорға жазбаша өтініш беруге құқығы бар.

Заңнамамен бекітілген дәлелді себептерге мыналар енеді:

– әскери қызметке кіру;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу;

– депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

– бас бостандығынан айыру орындарында болу;

– сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

Жоғарыда аталған кез келген себеп тиісті құжаттармен расталуы тиіс. Дәлелді себептер бойынша төлем алу жөніндегі өтініш ҚДКБҚ-ға мына мерзім ішінде жолдануы тиіс:

– банк түпкілікті таратылғанға дейін;

– зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін берілуі тиіс.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Louis Vuitton киіз үй түрінде сөмке шығаруы мүмкін

14.03.2023

Қазақстан мен Өзбекстан 37 инвестициялық және сауда жобасы бойынша Жол картасына қол қойды

30.12.2022

Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртіптері өзгереді

02.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа