No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Бизнес терминдеріне байланысты глоссарий

26.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) –салық органдарында өз-өзін жұмыспен
қамтығандардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібі.

Коммерциялық емес акционерлерлік қоғам (КЕАҚ) – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты
болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші  (ЭҚТЖ) – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу және кодтау тәртібін және өнім кодтарын белгілейді.

Акциз – тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі.

Лизинг– бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, саудасаттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Патент – мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат; салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен (төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда,
тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

 Трансферттік баға – компаниялар тобының дербес құрылымдық бірліктері арасында
немесе корпорация ішінде қолданылатын ішкі фирмалық баға.

 Дара кәсіпкер (ДК) – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi.

Активтер – өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы
мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, ормантоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Батыс Қазақстанда жылына 30 млн дана кірпіш шығады

25.08.2022

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

25.11.2022

2025 жылға қарай инфлация деңгейі қандай болады?

19.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа