No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Кәсіпкерлік туралы аңыздар

Көп жылдар бойы кәсіпкерлікке қатысты түрлі жаңсақ пікірлер айтылуының басты себебі – тақырып бойынша зерттеудің аздығында.

14.07.2022
Керек-дерек
43
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Көптеген зерттеушілер атап өткендей, кәсіпкерлікті зерттеу әлі де даму үстінде, сондықтан қазіргі заманғы зерттеу нәтижелеріне жол бермейінше, «фольклор» басым бола бермек. Осы ретте, назарларыңызға кең тараған бес мифті және оларды әшкерелеу түсіндірмесін ұсынамыз. Кәсіпкерлер – ойдың емес, істің адамы Кәсіпкерлер іс-әрекетке бейім, бірақ олар көп ойланады. Әр қадамын үнемі мұқият ойластырып жоспарлайтын өте тиянақты адамдар. Бүгінде айқын және толық бизнес-жоспар құру – кәсіпкерлер үшін «ойға» да, «іске» де қабілетті болу қажет екенін көрсетеді. Кәсіпкер болып туады, қалыптаспайды Кәсіпкер болуға үйрену мүмкін емес, себебі ол үшін туа біткен қабілет қажет деген идея бүгінде маңызын жоғалтты. Ол қасиеттерге: батылдық, бастамашылдық, талап, тәуекелге баруға дайындық, аналитикалық қабілет және адами қарым-қатынас дағдылары жатады. Демек, кәсіпкерлікті ғылыми бағыт ретінде тану – бұл мифті жоққа шығаруға көмектеседі. Барлық ғылымдар секілді, кәсіпкерлікте де тақырыпты зерттеуге мүмкіндік беретін модельдер, процестер және мысалдар бар.

Кәсіпкерлер әрқашан жасампаз.«Кәсіпкер – өнертапқыш» деген идея – стереотиптердің нәтижесі. Көптеген өнертапқыштар кәсіпкер болса да, олардың көпшілігі инновациялық қызметтің барлық түрлерін пайдаланады. Мысалы, Рэй Кроц жылдам тамақтану франшизасын ойлап тапқан жоқ, бірақ оның жаңашыл идеялары McDonald’s-ты әлемдегі ең ірі жылдам тамақтану кәсіпорнына айналдырды. Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы түсінігі өнертабыстан ауқымдырақ. Кәсіпкерліктің барлық формалары инновациялық мінез-құлықты толық түсінуді талап етеді. Кәсіпкерлер – білім және әлеует тұрғысынан қалыпқа сыймайтын адамдар «Кәсіпкерлерге әлеуметтік және академиялық білім қажетсіз» деген сенім қалыптасқан. Бұл – кейбір бизнес иелері оқуды тастап не жұмыстан шығып кеткеннен кейін табысты кәсіпорын бастағанына байланысты шыққан сөз. Көп жағдайда мұндай мысалдар орташа кәсіпкерді сипаттауда асыра қолданылып кеткен. Шын мәнінде, тарихта білім беру ұйымдары мен қоғамның кәсіпкерді мойындамаған оқиғалары болған. Олар кәсіпкерді корпоратив алпауыттар әлемінде жолы болмаған тұлға деп есепке алмады. Мысалы, бизнес саласында білім беру жүйесі, ең алдымен, корпоратив бизнесті үйретуге бағытталған. Бүгінде кәсіпкер әлеуметтік, экономикалық және академиялық тұрғыдан қаһарман болып саналады. Енді кәсіпкер жолы болмаған біреу емес, кейінгіге үлгі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлер қалыпқа сай болуы тиіс Көптеген кітаптар мен мақалалар табысты кәсіпкер қасиеттерінің тізімін береді. Бұл тізімдер расталмаған әрі толық емес. Көбіне жетістіктерге бағдарланған адамдардың кейстеріне және оларды зерттеу нәтижесіне негізделген. Бүгінде біз кәсіпкер бейнесінің стандартын қалыптастыру қиын екенін түсінеміз. Қоршаған орта, кәсіпорын мен кәсіпкердің белсенді әрекеттері кәсіпкер бейнесінің алуан түрін қалыптастырды. Әлем университеттерінде жүргізілетін қазіргі заманғы зерттеулер, болашақта табысты кәсіпкерлердің түрлі бейнесі туралы нақты түсінік береді.

 

 

Дереккөз: ruh.kz

 

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Салық декларациясын дұрыс толтырмағандар айыппұл арқалады

05.10.2022

Алматы облысы: «Karlskrona LC AB» ЖШС 500-ге жуық жұмыс орнын ашпақ

10.12.2022

Кім кінәлі?: Кәсіпкер ме, тиімсіз үкімет пе

21.06.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа