No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

«Микрокредиттің қыр- сыры»: қарыз алушылар нені білулері қажет

16.01.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Микрокредит алғысы келетін әрбір адам болашақта оны өтей алу мүмкіндігі оның кірісіне, яғни  төлем қабілеттілігіне  тікелей байланысты екендігін естен шығармауы тиіс. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер қарыз алушының барлық кредиттері бойынша төлемдер оның кірісінің 50% – нан асатын болса, микрокредит алу мүмкін емес.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, яғни МҚҰ-ға, кредиттік серіктестікке, ломбардқа немесе онлайн-кредиторға өтініш жасамас бұрын микрокредиттің «дұрыстығын» тексерудің бес қадамын зерделеңіз.

№1 қадам. Микрокредит алғыңыз келетін ұйымның лицензиясы болуын тексеріңіз

Сол себепті ешбір жағдайда тиісті лицензиясы жоқ компанияларда тауарды бөліп төлеуді ресімдеуге немесе қарыз түріндегі ақшалай қаражат алуға болмайды. Мұндай компаниялардың қызметі заңсыз, және де мұндай компаниялармен жасалған қарыз шарттары бойынша пайыздар мен өсімпұлдар тұтынушының болашақта төлей алмайтындай мөлшерге дейін жетуі мүмкін. Микроқаржы ұйымдарының атын бүркемеленіп, жалған кредиттер ресімдеу үшін азаматтардың дербес және төлем деректерін алу мақсатында оларға психологиялық қысым көрсететін алаяқтар жасырынып жүреді.

Жалған микрокредиттер беруге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Агенттік 2021 жылғы мамырдан бастап онлайн-микрокредиттер беру кезінде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін қатаңдатты. Енді онлайн-микрокредит беру үшін микроқаржы ұйымы мынадай үш тәсілдің бірімен клиентті идентификаттауға міндетті:

– электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау жолымен;

– жеке деректерді екі факторлы тексеру және нақты уақыт режиміндегі қарыз алушының бейнесі арқылы.

Бұған қосымша 2022 жылғы қаңтардан бастап МҚҰ клиент көрсеткен абоненттік нөмірді ұтқыр байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті.

Ал 2022 жылғы 16 қаңтардан бастап Агенттік азаматтарда жалған берешектің туындауына жол бермеу және олардың мүдделерін қаскүнемдердің әрекеттерінен қорғау үшін алаяқтық тәсілмен ресімделген микрокредит бойынша берешекті реттеу тәртібін енгізді. Енді азамат микрокредитті заңсыз ресімдеу туралы құқық қорғау органдарына жүгінген кезде МҚҰ күнтізбелік үш күн ішінде жалған микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұруға және клиент бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатуға міндетті.

МҚҰ-ның белгіленген тәртіпті мүлтіксіз және уақтылы орындауын қамтамасыз ету үшін Агенттік пен құқық қорғау органдары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес Агенттік жалған микрокредит фактісі расталған кезде МҚҰ-ның кредиттік бюродағы мәліметтерді түзету және берешекті есептен шығару бойынша шаралар қабылдауын мониторингтеуді жүзеге асырады.

№ 2 қадам. Микрокредит беру туралы шартты мұқият оқыңыз

Микроқаржы ұйымдарына қарыз алушылардан қандай да бір комиссия алуға, сондай-ақ азаматтардың еркінен тыс микрокредит сомасынан төленетін қосымша қызметтерді жүктеуге тыйым салынғанын білу керек.

Микрокредит сомасынан ақшаны ұстап қалу жағдайын болдырмау үшін шартқа қол қойғанға дейін микроқаржы ұйымының сайтында орналастырылған ақпаратпен өте мұқият танысу қажет. Ал микрокредитті рәсімдеу барысында микрокредит беру туралы шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Бұл ретте заңнамада жосықсыз кредиторлар пайдаланатын ұсақ қаріптермен жазылған қандай да бір құйтырқы талаптарды болдырмау үшін шартты рәсімдеуге қойылатын талаптар белгіленген.

Мәселен, микрокредит беру туралы шарт мыналарды қамтуы тиіс: шарттың жалпы талаптары; қарыз алушы мен микроқаржы ұйымының құқықтары; микроқаржы ұйымына арналған шектеулер; міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі; шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі; микрокредитті өтеу мерзімі; сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және СЖТМ. Сондай-ақ мынадай талаптар белгіленуі тиіс:

– шартты басып шығаратын қағаздың мөлшері (А4);

– шарт мәтінінің шрифті – «Times New Rоmаn» өлшемі кемінде 12, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзацтық шегіністі қолданумен.

Титулдық парақ микрокредиттің талаптарын, сомасын және мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін, ЖТСМ, артық төлем сомасын, өтеу әдісі мен тәсілін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшерін қамтитын, шарттың бірінші парағы болып табылады.

Көбінесе, микрокредит алуға арналған сауалнаманы толтырған кезде қарыз алушыға арналған тармақтарда белгілер қойылады, оған сәйкес қарыз алушыға қосымша қызметтер, микрокредит сомасынан ұсталатын төлем ұсынылады. Болашақта бұл ақпарат шартта көрсетіледі, ол сізге қол қоюға беріледі.

№3 қадам. Сыйақы мөлшерлемесіне назар аударыңыз

«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес микроқаржы ұйымдары микрокредиттің 2 түрін ұсынуға құқылы, атап айтқанда:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 20 мың мөлшерінен аспайтын мөлшерде, қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредит;

2) жеке тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген, 50 АЕК аспайтын сомаға, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін микрокредиттер.

Микрокредиттің бірінші түрі бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (ЖТСМ) жылына 56%-дан аспайды.

Егер мынадай талаптар сақталса, заң бойынша микрокредиттердің екінші түріне ЖТСМ-нің 56%-ы мөлшері туралы талап қолданылмайды:

– жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы осындай микрокредит бойынша кепіл берілген жағдайда берілген микрокредит сомасының 20%-нан және кепілмен қамтамасыз етілмеген мүлік бойынша 25%-дан аспайды. Осылайша, микрокредиттің осындай түрі бойынша сыйақы мәні қарапайым арифметикалық тәсілмен есептеледі;

– шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-нан аспауға тиіс;

– қарыз алушының шарт бойынша барлық төлемдері, сыйақы және тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданыс кезеңі үшін берілген микрокредит сомасынан аспауға тиіс;

– шарт микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салуды қамтиды;

– тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын талаптарда микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Осындай микрокредит түрін алған кезде оны бөліп-бөліп емес, бір жолғы төлеммен өтелетінін есте ұстаған жөн.

№4 қадам. Сіз үшін микрокредит бойынша төлемдерді кешіктіру несімен қауіп төндіретінін зерделеңіз

Атап айтқанда, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген жеке тұлғалардың микрокредиттері бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-нан аспайтын микрокредит сомасын қайтару бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл мөлшеріне назар аударыңыз.

Мерзімін өткізіп алу туындаған жағдайда микроқаржы ұйымынан жасырынуға болмайды. Микрокредиттерді өтеуде қиындық көріп отырған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 2021 жылғы 1 қазаннан бастап азаматтардың мерзімі өткен берешектерін кредиттік ұйымдар үшін міндетті реттеу тетігі заңнамалық түрде енгізілді.

Проблемалық берешекті шешу реттеу рәсімін бастау үшін Сіз кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуіңіз қажет. Өтініште қолда бар растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, микрокредит туралы мәліметтерді, мерзімін өткізіп алу себептерін көрсету қажет.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтініштер жазбаша да, қашықтан да, яғни МҚҰ бөлімшелеріне бармай-ақ ресми интернет-ресурстар және кредитордың электрондық поштасы арқылы беріле алады.

Өтінішті және растайтын құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде МҚҰ борышкердің қаржылық және әлеуметтік жағдайын жеке-жеке талдайды. Көрсетілген мерзімде сізге кредитордың қарызды қайта құрылымдаумен келісетіні туралы хабарлануы тиіс.

Кредитордың келісімі бар болса, қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша МҚҰ келесі күнтізбелік 15 күн ішінде кредитті өтеудің жаңа кестесін қабылдай отырып, микрокредит ұсыну туралы шарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.

№5-қадам. Сіз өз құқықтарыңызды қорғау үшін қаржы реттеушісіне жүгінуге құқығыңыз бар

Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге келмеген жағдайда немесе егер МҚҰ сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған болса, сіз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне МҚҰ-ға жүгінгеніңіздің фактісін растайтын құжаттармен жүгіне аласыз.

Сіздің өтінішіңіздің негізінде Агенттік микрокредиттік ұйымдарға қатысты құжаттық тексеруге бастама жасайды, бұл тексерудің шеңберінде кредитордың проблемалық берешекті реттеу процесіне қойылатын заңнамалық талаптарды сақтауына талдау жүргізіледі.

Агенттікке мынадай тәсілдермен жүгінуіңізге болады:

Қазақстан Республикасының (https://egov.kz/cms/ru) электрондық үкіметі порталы арқылы, «Электрондық өтініштер» сервисінде «Көрсетілетін қызметтерге онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдап, растаушы құжаттарды қоса тіркеп, өтініштің мәтінін толтырыңыз.

eOtinish (https://eotinish.kz/) электрондық сервисінің көмегімен. Өтініш беру eGov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, «Өтініш беру» сервисінде «Өтінішті» таңдап, өтініштің мәтінін толтырыңыз.

Агенттіктің мынадай: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша нысанда.

Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармасы арқылы, олардың мекенжайларын мынадай: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/about/structure/185/1?lang=ru сілтемесі арқылы табуға болады.

Сонымен бірге Агенттіктің «1459» нөмірі бойынша call-орталығы және «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы консультация алуыңызға болады».

 

(*Авторские права)
Источник: https://fingramota.kz/kk/post/mikrokreditti-yr-syry-aryz-alushylar-neni-biluleri-azhet

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін сұлулық салоны ашылды

21.08.2022

Премьер-министр министрлік пен ЖОО басшыларын сынға алды

29.07.2023

2022 жылғы Қазақстанның ең үздік банкі қандай?

06.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа