No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Қаржы пирамидасының басты белгілері қандай?

Қаржы пирамидасын анықтаудың бірнеше жолы бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz dauletten.kz-ке сілтеме жасап.

24.05.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
84
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Бұндай ұйымдардың барын біле тұра, аузы күйсе де, үрлеп ішпейтін қарапайым халық саны азаймай тұр. Керісінше, пирамида саны одан да өрши түсуде. Қаржы пирамидасын басқа ұйымдардан қалай ажыратуға болатынын назарларыңызға ұсынамыз.

Қаржы пирамидасының қақпанына көбіне екі себеппен түседі. Бірі – тез баюдың жолын іздесе, екіншісі – қаржылық сауаттың жетіспеуі. Қаржылық сауаты бар адамдардың өзі, кейде тез баюды көздеп, алаяқтың апанына түседі. Міне аталмыш себептердің кесірінен психологиялық тұрғыдан көздері баяланып қалатынын айтпай кетуге болмас.

Осы тұста, макроталдаушы, экономист маман Аякөз Ханетова өз пікірін білдірді.

«Қазіргі таңда пайда болып жатқан қаржы пирамадаларын шынайы компаниялардан ажырату өте қиын. Ол үшін міндетті түрде белгілі бір деңгейде қаржылық сауаттылық керек. Алайда, кей жағдайда сауатты болу да жеткіліксіз. Себебі өте сауатты адамдардың да ақшаларын өз қолымен алаяқтарға бергенін көрдік те, естідік те. Өйткені қазір адамдарға «бұл жаңадан ашылған компания, сіз міндетті түрде басында кіргеніңіз үшін ұтасыз» деп ақылға қонымсыз пайда сомаларын айтып қызықтырады», – деді ол.

Сондай-ақ маман қаражат мәселесін келгенде эмоциядан аулақ болуға кеңес береді.

«Әрине, кез келген адам қолында бар қаражатын пайдаланып, көбірек ақша тапқысы келеді. Нарықтық экономика қоғамында бұл қалыпты құбылыс. Алайда, көлеңкелі экономиканың барын да естен шығармаған жөн. Бірінші кеңес, эмоциядан аулақ болған жөн. «Тез пайда табам деп барыңыздан айрылып қалғанша, ойланып, қисынмен шешім қабылдаған жөн» дейді маман. Инвестициялауды үйрететін сарапшылардың айтуынша, шынайы қаржы табу жағдайында жылына 5-10 пайыз төңірегінде пайда көру қалыпты, әрі пайдала саналады. Ал, «бір айда екі есе табыс табасың, үш есе пайда көресің деп асыра жарнамалау байқалса – сақ болыңыз, ол пирамиданың қауіпті белгісі. «Инвестициялаудың алтын заңы бар: неғұрлым пайдасы көп болса, сол ғұрлым тәуекелі де жоғары деген сөз. Осыны естен шығармау керек», – дейді сарапшы.

Қаржы пирамидаларымен күрес неге белсенді жүреді? Себебі, пирамидалардан қарапайым халық қана емес, экономика да зардап шегеді. Яғни, халықтың ақшасын қалтасына басып, шетелге қашып кетеді. Сәйкесінше, сыртқа капитал ағыны болады. Сондықтан, Мемлекет тарапынан – пирамидаларға қатысты заң қатаңдатылуы керек. Ал қоғамдағы адамдар тарапынан – қаржылық сауатын арттыруы керек, ең болмағанда қаржылай сауатты адамның кеңесін алған дұрыс.

Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері қандай?

  • Көрсететін қызметіне ресми лицензиясы болмау;
  • Тез әрі тым жоғары табыс табуды ұсыну;
  • Ұйым туралы қаржылық ақпаратты жасыру;
  • Ұйымды агрессивті түрде, әсіресе, чаттар арқылы жарнамалау;
  • Пайданы жаңа кірген адамдардың салымынан беруді жоспарлау.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында 1000-нан астам кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

02.03.2023

 «SM» брендінің салтанат құруы

28.09.2022

Үндістандық компания Қарағандыда химиялық-фармацевтикалық зауыт салуға мүдделі

06.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа