No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Қонаев қаласында ШОБ үшін 28,2 млн теңге грант бөлінді

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 101 кәсіпорын бар,оның 64-і өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

01.07.2022
Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша 49 млрд теңгенің өнімі өндірілген, Сәйкесінше өсім 11,7% құраған.

Қазіргі таңда Қонаев қаласында 105,5 млрд теңгені құрайтын ірі жобалар жүзеге асуда. Көзделген нәтижеге қол жеткізілсе 1125 жұмыс орны құрылады.

«Алдағы уақытта қуаттылығы жылына 10 мың тонна “Оспанова Девелопмент” баррамунди балығын өсіру жөніндегі инновациялық кешенді құру, қуаттылығы жылына 70 мың тонна “IVI Kazakhstan” тез дайындалатын кеспе өндіру зауыты мен қуаты 2,0 мың тонна “Арна” жылыжайы салынады»,-деді Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы.

Жалпы, Қонаев қаласы инвестициялар тарту бойынша облыста 7,5% үлесімен 5-ші орынға ие. Жыл басынан бері 12,2 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

Алматы облысында барлығы 94,7 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 4,9 мыңы немесе 5,2% Қонаев қаласына тиесілі. Мұнда бүгінгі күні шағын және орта бизнес бағытында 13,2 мың адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің аздығына қарамастан, қала үлесіне жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемінің 34% – ы, сондай-ақ облыс бойынша бюджетке түсетін түсімдердің 52% – ы жатады.

Ағымдағы жылы Қонаев қаласының 17 бизнес субъектісіне бизнестің жол картасы аясында қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Жалпы сомасы 28,2 млн теңгенің грантын 46 адам иемденетін болады. Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген қаржының 13,5 млн теңгесі игерілді, нәтижесінде 11 бизнес субъектісі грант алды.

Айта кетейік, Қонаевта  қуаты жылына 98 мың тонна макарон өнімдерін шығаратын “Маревен Фуд Тянь-Шань”, қуаты жылына 150 мың тонна құрылыс қоспаларын және 28 млн.ш. м. гипсокартон шығаратын “Кнауф ГипсҚапшағай” және , қуаты 364 МВт электр энергиясын өндіретін Қапшағай су электр станциясы сияқты жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс істейді.

 

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Трамп несие алғысы келеді, бірақ кінә, біз үшін, АҚШ экономикасы үшін – саясат

05.05.2025

Фермерлер барлық салық төлемдерінен босатылуы мүмкін

21.04.2023

Ұлттық банк базалық ставканы 16% көтерді

27.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа