No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Ұлттық қор ақшасы 18 жасқа дейінгі балаларға қалай беріледі?

26.03.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
643
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қыркүйек айындағы Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске асатынын хабарлаған. Аталмыш бағдарлама бойынша 18 жасқа толғанға дейін әр қазақстандық баланың арнайы шотына Ұлттық қордан ақша жиналуы тиіс. Қаржы министрлігі бұл бағдарламаның қашан және қалай іске асатыны жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

 Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірлегенін хабарлады.

Жоспар бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. 18 жасқа дейінгі баланың жинақталуының болжамды сомасы шамамен 3,5 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін. Дегенмен Қаржы министрлігі бұл сома экономикалық өзгерістерге байланысты түзетілуі мүмкін екенін ескертеді.

Жобаны іске асыру механизмі қандай?

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, жобаны келесідей механизммен жүзеге асыру жоспарланған:

1. Шоттар «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да (ЕНПФ) Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылатын болады. Яғни, зейнетақы қорында әр балаға шот автоматты түрде ашылады.

2. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дағы балалардың шоттарына шартты түрде қаражат есептелетін болады. Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі есептеледі.

3. Жобаға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар балалар қатысады.

4. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетіп, өзге елдің азаматтығын алса, онда шотындағы ақшаны алуға құқығы жойылады. Қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді. Бала елден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыспай кеткен жағдайда төлемдерді алуға құқығы сақталады.

5. Шот қаражаты салық салудан босатылады. 18 жасқа толған кезде шотттағы ақша АҚШ долларымен беріледі. Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

6. 18 жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешуі керек (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға). Шоттағы қаражатты шетелдік оқу орнының оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Өз кезегінде тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалану тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеулер болмайды.

7. Қаражатты мақсатты пайдалану үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторларды (“Отбасы банк”АҚ, екінші деңгейдегі банктер) анықтау ұсынылады.
8. 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл бойы сақталады. Егер қаражат осы уақыт аралығында жұмсалмаса, 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылады.
9. Сондай-ақ азаматтық заңнамаға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді.
10. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жоспарлануда.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыру үшін осы жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына және тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер қабылдау жоспарланған.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматыда Абай облысына гуманитарлық көмек қабылдау басталды

12.06.2023

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы тағы да өсті

27.07.2023

“Бес жылда бір рет қана мемлекеттен киім берілді”: өрт сөндіруші өз саласының кемшіліктерін жайып салды

21.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа