No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Жасқа қарамай жұмысқа орналасыңыз!

"Күміс жас" жобасы 50 жастан асқан азаматтардың жұмыс табуына көмектеседі, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

22.02.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
378
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жобалар іске асырылып жатыр. kazbusiness.kz зейнет жасына жақындаған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған “Күміс жас” жобасының талаптарын назарларыңызға ұсынады.

“Күміс жас” – зейнет жасына шығуға жақын қалған жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтуға арналған бағдарлама. Алғашқы кезде бағдарламаға зейнетке шығуына 2 жыл қалған адамдар ғана қатыса алса, биылдан бастап 50-ден асқан жұмыссыз азаматтар да қатысушы бола алады.

“Бұған дейін “Күміс жас” жобасы 60 жастан асқандарға қарастырылып келді. Биылдан бастап 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша, жобаға қатысушылар аясы кеңейтілді. “Күміс жас” жобасының мақсаты – зейнет жасына жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау. Біз оларға жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, атаулы әлеуметтік көмек бойынша немесе еңбекпен қамту орталықтарында консультант болуды ұсынамыз. Демек, әлеуметтік сала бойынша жұмысқа орналастырамыз, – деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл басында хабарлаған.

Зейнет жасына жақындаған жұмыссыз азаматтар үшін жобаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа алуға міндетті. Бұл талаптармен “Күміс жас” жобасына қатысқан адамдардың жалақысын мемлекет пен жұмыс беруші бөліп төлейді. Яғни жалақының 50%-ына субсидия беріледі.

Ал 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар үшін бағдарлама аясындағы жұмыс орны үш жылға қарастырылған. Онда мемлекеттік субсидия келесідей жолмен іске асады:

Бірінші жұмыс беруші қызметкерге толық бір айлық жалақысын төлейді. Содан кейін Еңбекмин зейнетақы аударымдарына қарап, төленген жалақының толық сомасын шығарып, соның 70 пайызын субсидиялайды. Ол кәсіпорынның есепшотына аударылады. Жоба аясында алғашқы жылы еңбекақының 70%, келесі жылы 65%, үшінші жылы 60%-ын субсидияланады. Ал қалған сомалар жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.

“Күміс жас” жобасы бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарына немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.

Еnbek электрондық еңбек биржасы арқылы тіркелу:

  • Enbek.kz-те жеке кабинет ашыңыз;
  • Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінімді толтырыңыз және ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
  • Өтінім автоматты түрде тексерілгеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.

Серебряный возраст" - горожане предпенсионного возраста могут устроиться на работу | Almaty.tv

Айта кеткен жөн, бұл жобаға кез келген жұмыс беруші қатыса алады. Қызмет ұсынушы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік мекеме болуы мүмкін. Басты талап – ол кәсіпорын кемінде 1 жыл жұмыс істеуі және жалақы бойынша берешегі болмауы керек.

«Мен қоғамдық тамақтану орнының иесімін, менің «Минутка» атты асханам бар. Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырып, онда мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары туралы айтып берді. Мен «Күміс жас» жобасына қызығушылық танытып, өтінім бердім. Ал 1 ақпаннан бастап маған 2 кісі келді. Мемлекеттен жұмыс берушілер де, 50 жастан асқан, жұмыс табуы қиынырақ адамдар да қолдау алатынына қуаныштымын», – деп жеке кәсіпкер Қарлығаш Рахматуллина өз ойымен бөліседі.

Айта кеткен жөн, былтыр жобаны іске асыру шеңберінде 3080 адам жұмысқа орналасқан.Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Алматы (570 адам), Түркістан (516 адам) және Қарағанды (322 адам) облыстарында байқалады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері анықталды

10.08.2023

Ипотека алу: артықшылықтары мен кемшіліктер қандай?

16.01.2023

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа