Кәсібін бастағысы келетін кісілердің кейбірі ЖК (ИП) ашып, кәсібін заңдастыруға аса мән бермейді. Көбі ЖК ретінде тіркелу оңай, ал жабу қиын деген пікірде. Бұлай ойлау – қате. ЖК (ИП) жұмыстарын уақытылы жасап отырсаңыз ешқандай да қиындығы жоқ.
⠀
Бизнес бастап, тұрақты табысқа шыққаннан кейін ҚР азаматы ретінде салық төлеуге міндеттісіз. Ал табысты растау үшін кәсібіңізді заңдастырып, ЖК-ті тіркеу қажет.
⠀
Кәсібіңіз кеңейіп, табысыңыз артып, қосымша жұмыс күші қажет болған жағдайда қызметкерлер аласыз. Ал қызметкерлердің еңбекақысын заңды түрде төлеу үшін ЖК ретінде тіркелу қажет.
⠀Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің артықшылықтары мынада:
- ЖК арқылы зейнетақы қорына аударым жасай аласыз.
- ЖК арқылы әлеуметтік төлемдер жасалып жатқандықтан, декретке шығуға, босанғанға дейінгі төлемақыны алуға, 1 жасқа дейінгі баланың жәрдемақысын көбейтіп алуға мүмкіндік бар.
- ЖК ретінде табысты растап, пайызы төмен кредиттер, мемлекеттік субсидия, гранттар ала аласыз.
- Тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, ипотекаға үй алу мүмкіндігі де бар.
⠀⠀
⠀