No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қалай рәсімдеу керек?

20.06.2023
Керек-дерек
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінде қазақстандық банктердегі депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары. Депозиттің пайыздық мөлшерлемесі оның бастапқы мөлшерлемесіне қарай бекітіледі. Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қай уақытта қайта рәсімдеген жөн. Қазір сізге kazbusiness.kz тілшісі бүкіл егжей-тегжейін түсіндіреді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) ай сайын теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін қарастырады. Олардың ұсынымдары көбіне елде қолданыстағы базалық мөлшерлемемен тікелей байланысты.

Мысалы, өткен жылдың 5 желтоқсанында депозиттегі пайыздық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілген. Келесі күні қор барлық теңгедегі депозит бойынша шекті мөлшерлемені көтерген. Ал базалық мөлшерлеме төмендеген кезде әдетте, ұсынылатын пайыздық мөлшерлеме де төмендейді.

Банктер әдетте қордың шешімі бойынша депозиттік өнімдердің мөлшерлемесін көтереді не төмендетеді.

Базалық мөлшерлеме қалай өзгереді?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстанда базалық мөлшерлеме жарты жылдан астам уақыт бойы айтарлықтай жоғары деңгейде сақталуда. Осылайша еліміз жоғары инфляциямен күресуде.

Бірақ Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің қымбаттау тенденциясы үш ай қатарынан төмендеуде. Бұл үдеріс депозиттегі базалық мөлшерлеменің де бірте-бірте төмендеуіне әсер етуі мүмкін және биылғы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеме расымен төмендеуі ықтимал.

Демек, ақша-несие саясаты бойынша Ұлттық банк комитетінің 2023 жылғы 5 шілдеде өтетін отырыстарының бірінде базалық мөлшерлеме төмендетілген жағдайда Ұлттық қор да депозит бойынша ең жоғары сыйақыға қатысты дәл сондай шешімді қабылдай алады.

Депозиттің жоғары кірісінің мерзімін қалай ұзартуға болады?

Бұл ретте келісімшартта белгіленген депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме көбіне депозит ашылған күннен бастап шарттың аяқталу мерзіміне дейін өзгеріссіз қалады. Тек депозиттің мерзімі ұзартылған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі қазіргі көрсеткішке сәйкес өзгереді.

Сондықтан пайыздық өсіммен көптеген салымшы депозиттерін қайта тіркейді – қазақстандықтар жоғары мөлшерлемемен жаңа депозит ашып, ескілерінде жатқан ақшаны жаңа ашылған депозитке аударады.

Жалпы айтсақ, депозиттердің жоғары мөлшерлемесін сақтау үшін жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттің күші жойылмай тұрғанда оны қайта тіркеген дұрыс. Яғни, бүгінде бір жылға 15 пайыздық жаңа депозит ашсаңыз, бұл пайыздық мөлшерлеменің күші 2024 жылдың 19 маусымына дейін сақталуы керек.

Осы уақытқа дейін депозиттер бойынша бастапқы мөлшерлеме мен шекті сыйақы көлемі айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, жаңадан ашылған депозиттің мерзімі аяқталғанға дейін бастапқы пайыздық мөлшерлеме мен шекті сыйақы көлемі ашылып қойған депозиттің жарнасына әсер етпеуі керек.

Депозитті мерзімінен бұрын ұзарту туралы депозиттерінің белгіленген мерзімі осы жылдың екінші жартысында аяқталатын салымшылар ғана ойланған жөн. Өйткені, осы жылдың екінші жартысында пайыздық мөлшерлеме төмендеуі ықтимал.

Осылайша қазақстандық банктердің салымшылары банктік депозиттерінің жоғары кірісін мүмкіндігінше ұлғайта алады.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандықтар неше жасқа дейін өмір сүреді?

26.04.2023

Қор биржасы қалай құрылған?

24.01.2023

Айшагүл Сандыбаева: Ыстық нан ырысымызды арттырды

03.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа