No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

1 млрд тг: “Қазақстан барысы” турнирінің бюджетіне қатысты тексеріс басталды

21.06.2023
Жаңалықтар
183
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті “Қазақстан барысы” қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Аталмыш жарысты өткізу үшін бюджеттен 1,075 миллиард теңге бөлінген екен.

“Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген агенттік хабарламасында.

Ал “Қазақстан барысы” жобасының авторы Арман Шораев тергеуге қатысты пікір білдіріп, өзіне қатысты қысым басталғанын мәлімдеді.

“Мен жүзеге асырған “Қазақстан Барысы” жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны – қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, “Қазақстан барысы” турнирі 2011 жылдан бері өткізіледі. Сайыста Жамбыл облысының тумасы Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылдары үш рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ Шығыс Қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров екі рет чемпион атанды. 2022 жылы “Қазақстан барысы” атағын Мақсат Исағабылов жеңді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Zhas project” жобасы аясында Үштөбе қаласында кинотеатр ашылды

30.09.2022

Ұзынағаштық ісмер айына 90 жұп аяқкиім шығарады

15.06.2022

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа