Қазақстанда автокөлік өндірісі бір жылда 25%-ға өсті. Бұл туралы EnergyProm сайты жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда, өсім жоғары. Өйткені Қытайда шығарылымның өсуі тек 5%-ды құрады, ал Оңтүстік Кореяда 2%-дан аз, ал жапон және ағылшын автоөндірушілерінде керісінше өндіріс көлемі азайды.
Қазіргі таңда әлемде автокөлік өнеркәсібі тұралап қалды. Оған ұзаққа созылған пандемия , жартылай өткізгіштер тапшылығы және жаһандық логистикалық тізбектердің бұзылуы әсер етті. Геосаяси дағдарыс ушықтырып, автокөлік өнеркәсібіне қажетті шикізатты жеткізу тізбегінде қиындықтар туындады.
Осыған қарамастан, Қазақстанның автоөнеркәсібі дағдарысқа ұшырамады. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында елде 68,6 мың автокөлік өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,7%-ға артық.
Сондай-ақ, Малайзия мен Индонезия сияқты АСЕАН елдерінде өндірістің айтарлықтай өскені байқалды.Өсім 70,3% және 31,5%-ды көрсетті. АҚШ-та тек 7,4%-ға өсті.
Сонымен қатар, Германияда автокөлік өндірісі 3,4%-ға, ал Оңтүстік Кореяда 1,7%-ға өссе, Ұлыбритания мен Жапонияда өндіріс 9% және 9,7%-ға айтарлықтай төмендеді.
Оңтүстік Кореяда Hyundai, Kia және Genesis көлігін сатып алушылар 2,5 жылға дейін күтуі мүмкін екенін ескертті. Ресейде автокөлік өндірісі бірден 58,9%-ға төмендеді.