No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бөлшек салымшылардың саны артты

15.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жыл басынан бері бөлшек инвесторлардың саны екі есе өсті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресінде KCSD Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

«Биыл Орталық депозитарий мен қор нарығы қиындыққа тап болды. Әңгіме Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттардың орасан зор өсуі туралы. Олардың саны 2022 жылдың 14 қарашасында шамамен жарты млн-ға – 494 мыңға жетті. Сонымен қатар, қарашадан бастап қосалқы шоттардың 17 мыңға өсуі тіркелді. Жыл басынан бері қосалқы шоттардың көрсеткіштері 2,2 есе өсті. Бірнеше жыл бұрын брокерлік шоттардың бүгінгі саны қолжетімсіз болып көрінді. Қосалқы шоттар санының ең көп өсуі ақпанда тіркелді – 69 мың қосалқы шот ашылды. Қосалқы шоттардың үлкен бөлігі – 99% жеке тұлғалардың атына ашылды», – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Спикердің сөзінше, қазақстандық инвестордың портреті соңғы бірнеше жылда айтарлықтай өзгеріп, жасарып келеді. Жыл басынан бері 35 жасқа дейінгі брокерлік шот иелерінің саны үш есеге жуық өсті (2,9 есе).

«2022 жылғы 14 қарашада 25-34 жастағы бөлшек инвестор тобы бөлшек инвесторлардың жалпы санының 30,8%-ін, 18-24 жастағы топ – 19,2% -ін, 18 жасқа дейінгі топ — небәрі 0,1% -ін құрады. Бұрынғыдай 35-54 жастағы топ ең көп үлесті алып отыр. Шындығында, жыл басынан бері бұл цифр 40%-тен 35,5%-ке дейін қысқарды. 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі қысқаруда-21,6%-тен 14,4%-ке дейін кеміді», – деді спикер.

Брокерлік шот иелері арасындағы әйелдер саны жыл басынан бері 2,4 есе өсті. Олардың үлесіне шамамен 44%, бөлшек инвестор-ерлер үлесіне-56% келеді.

Ал аумақтық тұрғыдан алғанда, инвесторлардың көбі Алматы (21,5%), Астана (10,9%) және Түркістан облысынан (9,4%).

Сонымен қатар, Түркістан облысында жыл басынан бері қосалқы шот ұстаушылар саны 3,2 есеге, ал Астанада – 2,4 есеге, Алматыда – 1,9 есеге өсті.

Брокерлік шоттардың ең азы елдің солтүстігінде, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында (1,5%) ашылды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қарыз мұрагерлік жолмен беріле ме?

17.01.2023

Кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет қандай жұмыс атқарды?

29.12.2022

Доллардың 24 қарашадағы бағамы қандай?

24.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа