No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Тәуелсіздік Ұрпақтары»: Жеңімпаз балаларға арналған мобильді қосымшаны іске қосты

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын жеңіп алған Алматы тұрғыны Гаухар Жақажанова өз жобасы арқылы қандай жетісікке жеткенін айтып берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

28.11.2022
Жаңалықтар, Айна
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Ұлттық рухани жаңғыру” ұлттық жобасының аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Тәуелсіздік ұрпақтары ” бағдарламасының грант иегерлерінің бірі Гаухар Жақажанова жобадағы жеңісінің арқасында балаларға арналған мобильді қосымша ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

Алматылық Гаухар Жакажанова – «FocusEd Internatianal itd» компаниясының жетекшісі және жоба менеджері. Ол компанияда серіктестік орнату және тұтастай алғанда өнімнің дамуына жауап береді.

“Біз бағдарлама туралы кездейсоқ біліп қалдық. Өйткені біз тапсырған жылы “жоба” жайында белсенді ақпарат тараған жоқ. Бірақ биыл екінші лекте бағдарлама туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден көптеп байқап жатамыз. Сол сәтте бізге жоба өте қызық болып көрінді. Гранттарды президенттің өз қолымен тапсыруы да таңғалдырды” , – дейді ол.

Айтуынша, олар IT бағыты бойынша конкусқа қатысқан. Жобасы – балалардың білімін жетілдіруге арналған мобильді қосымша. Оқушылар ойын форматында сұрақ түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін одан әрі шыңдап, сол арқылы өздеріне мотивация ала алады.

“Қазір балалар жаңа құралдарды қажет етеді. Біздің ойымызша көптеген құралдар мен оқыту әдістері ескіріп қалды. Қазір Z буыны өсіп жатыр. Бұл балалар тек интернет арқылы өсіп жетілуде. Олар көбінесе өзінің әлеуметтік жағынан дәлелденгенін қалайды. Балаларды әлеуметтік жағынан сипап отыру қажет. Олар өзінің интернетте жетістікке жеткенін қалайды. Сол себепті біздің ойын бағдарламасы арқылы балалар нағыз білімге ұмтылады деген ойдамыз”, – дейді Жакажанова.

Гаухар Жакажанова басында грантты ұтып алу туралы мүлде ойламағанын айтады.

“Қатысып көріп, үздік 30-дықтың құрамына енгіміз келді. Сондай-ақ грант көлемі үш миллион теңге екенін біліп, өз жобамызды жүзеге асыру үшін үшін қаржылай қолдау алсақ деген үміт болды. Тек ақшалай қолдау ғана емес тәжірибесі мол адамдармен, жоғары дәрежелі Парламент мүшелерімен кездесіп олардың да қолдауына ие болғымыз келді. Алғашында грантты ұтып алғанымыз туралы хабарлама келді, артынан хабарласып та айтты. Өте қатты қуандым. Басында тіпті сенбедім десем де болады. Өйткені бағдарламаға ұсынған жобалардың саны 400-ден асып жығылатын. Біз соның ішінде ТОП 30-дың құрамына кірдік. Өз еңбегіміздің ақталғанына жобамыздың тек идея күйінде ғана қалмай оның пайдасы барының дәлелдегеніне, нәтижеге жеткенімізге өте қуанышты болдым”, – дейді жоба жетекшісі.

Оның сөзінше, “Тәуелсіздік ұрпақтары” бағдарламасы жобаларының ары қарай дамуына үлкен септігін тигізген.

“Біздің қосымшамыз Аndroid және iOS-те қолжетімді бола тұра “Тәуелсіздік ұрпақтары” одан сайын жобамыздың дамуына, қосымша мектептерді тартуға үлкен көмегін тигізді. Біздің негізгі аудиториямыз – мектеп оқушылары мен ата-аналар, сонымен қатар репетиторларды да қосқымыз келіп отыр. Бірақ ол үшін көбірек қаражат керек. Қосымшамыз бүгінде Қазақстанда дамып жатыр. Бұнымен қатар шетелдегі 4 нарықты тексеріп жатырмыз. Жобамызды тек қазақстандық етіп қана қоймай, әлемдік деңгейге көтергіміз келеді. Біртіндеп ағылшын тіліне аударып, шетелдегі мектептермен де жұмыс жасаймыз деген ойдамын”, – дейді Жакажонова.

Сөз соңында ол “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасы туралы әсерімен бөлісті.

“Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасы – өте пайдалы бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқан жоба. Болашағы бар жаңа стартап жобалардың іске асуына үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Мұндай гранттар жақсы дамуға мүмкіндік береді. Біз бірінші лек болғандықтан барлығы арғы жағы қалай болады екен деп тексеріп көрген болар. Біздің топ өте белсенді жұмыс істеді. Барлығы бір-біріне көмектесіп, қолдау білдірді. Менің ойымша болашақта бір-бірімізбен ынтымақтасып істейтін жобалар да болады. “Тәуелсіздәк ұрпақтары” тек қаржылай қолдау емес, тәжірибе алмасатын, нетуоркинг жасай алған орта бола білді”, – деп аяқтады сөзін жоба менеджері.

Айта кетсек, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылдың 8 шілдесінде № 469 Үкіметтің қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау бойынша ережелер мен тұжырымдама қабылдады. Үздік отыз жобаға құны үш миллион теңгеден грант тағайындалатын болады. Былтырғы қорытынды бойынша 410 өтінімнің ішінен еліміздің 12 өңірінен үздік 30-ы іріктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді нығайта түсетінін, олардың туған ел үшін қызмет етуге құлшынысы қуантатынын айтып, оларды өз қолымен марапаттаған болатын.

Гранттың негізгі мақсаты – 14-29 жас аралығындағы белсенді, шығармашыл жастарға идеяларын жүзеге асыруға, қолда бар жобаларын дамытуға, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізуге көмектесу.

Грант бойынша 5 негізгі бағыт белгіленді:

  1. Ғылым саласы. Ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды, зерттеулерді іске асыру;
  2. Мәдениет саласы. Мәдени мұраларды елге таныту. Халықтың ұлттық дәстүрлері мен төл өнерін ілгерілетуге бағытталған жобаларды дамыту;
  3. Ақпараттық технологиялар. Жаңа «IT шешімдер» мен осы саладағы тың жобаларды, оның ішінде стартаптар әзірлеу;
  4. Бизнес саласы. Бұл бағытта экономиканың басым секторларында жаңа бизнес идеяларды іске асыру;
  5. Медиа саласы. Жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент қалыптастыру.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Пассив кіріс дегеніміз не және оны қалай қалыптастыруға болады?

10.01.2023

Тауарлы-сүт фермаларына арзан несие беріледі — форум

01.12.2022

Жұмыртқа бағасы жылдам өсуде

19.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа