No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері кәсіпкерлер тарапынан 4 мыңға жуық арыз түскен

30.11.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ел кәсіпкерлерінен қандай арыз-шағым жиі түсетінін айтып берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.

«Статистика көрсеткендей, омбудсмен институтының жұмыс істеген жылдары бізге 33 мыңнан астам шағым келіп түскен. Ең алғашқы 2016 жылы 7200 шағым түссе, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4182 шағымға дейін төмендеу байқалды. Ал биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша менің кеңсеме 3920 шағым түсті. Кәсіпкерлер негізінен жер мәселелеріне, ауыл шаруашылығы, салық және құқық қорғау органдарына шағымданады», – деді Рустам Жүрсінов Jibek Joly телеарнасындағы сұхбатында.

Спикердің айтуынша, соңғы уақытта көптеген шағымдар құқық қорғау органдары бойынша келіп жатыр.

«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы заңға қол қойылып, рейдерлік жауапкершілік күшейтілді және Қылмыстық кодекстің 365-бабы «Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау» деп аталады. Статистикаға жүгінсек, алдыңғы 4 жылда бұл баптар бойынша нөлдік статистика болған, яғни ешкім жауапқа тартылмаған. Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы 11 айда рейдерлік бабы бойынша 18 адам жауапқа тартылған», – деді Р. Жүрсінов.

Сонымен бірге, уәкіл Президент тапсырмасымен ел өңірлерін аралап, 17 аймақтағы кәсіпкерлермен кездескен.

«Жағдай бірқалыпты, айтарлықтай дабыл қағатын ештеңе жоқ. Өңірлерде шамамен 20-25 адам қабылдауға жазылады. Әр аймақтың өз ерекшелігі бар, дегенмен көпшілігін жер мәселесі өте қатты алаңдатып отыр. Қала құрылысы, субсидиялау мәселелері де өзекті», – дейді Р. Жүрсінов.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Ұлттық қор ақшасы 18 жасқа дейінгі балаларға қалай беріледі?

26.03.2023

Алматы облысында “үздік салық төлеушілер” марапатталды

25.12.2022

Нетворкинг форматында кәсіпкерлермен кездесу өтті

17.09.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа