No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік көлікті “сақтандыру” арқылы жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

06.12.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
25
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда сақтандыру полисі арқылы шетелдік көлікті жүргізуге тыйым салынуы мүмкін. Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасы қазір сенатта қаралып жатыр, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңының 10-бабына жаңа тармақ қосылады. Ол бойынша Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Яғни, сақтандыру полисін алу үшін көлік құралы біздің елде тіркеуден өткен болуы керек.

Халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналатын автокөліктер мыналар: Егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса; ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса; Қазақстанда тіркелмесе; Қазақстанға уақытша әкелінген болса. Басқаша айтқанда, енді шетелдік автокөліктерге сақтандыру полисін рәсімдеу үшін машина не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек.

Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Сондай-ақ мұндай көлік құралын сақтандыру полисі арқылы саудаға шығаруға да мүмкіндік болмайды. Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған еді. Бірақ, бұл тізімге Ресейде тіркеліп, Қазақстан азаматтары мініп жүрген машиналар енген жоқ.

Жаңа жобаға қарасақ, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салынатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін автомобиль сол рөлді болу керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны.

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасы қазір сенатта қаралып жатыр. Ол мақұлданатын болса президенттің қол қоюына жіберіледі..

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Жеті полиция инспекторы пара алды деген күдікке ілінді

29.06.2023
Видеодан кадр

Желіде Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті көрсетілген видео пайда болды

14.06.2023

Алаяқтар Telegram арқылы бизнесмендер мен блогерлер атынан алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

25.07.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа