Алматы облысындағы жеңіл рельсті транспорт (LRT) құрылысына қатысты жаңа ақпараттар жарияланды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарын және Қонаев қаласын қамтиды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
LRT ұзындығы шамамен 146 шақырымды құрайтын болады. Оның жартысы Ұзынағаш-Қаскелең-Алматы-Есік-Талғарды қиып өтсе, қалған бөлігі Алматы және Қонаев қалаларын қамтиды.
Қазіргі уақытта Алматы шекарасынан аудандарға және Қонаев қаласына дейін транспорттыұ дәліз процесін анықтау басталды. Бұдан кейін техникалық-экономикалық бөлігін ойластыру басталады. Бұған қаржыны “Ташяпы” түрік компаниясы бөлуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, аталмыш шетелдік компаниямен Алматы облысы екеуара меморандумға қол қойды.
Облыстың 300 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз+0
“Жоба Алматы қаласы және Алматы облысының жол-транспортты жүйесіне қатысты сұрақтарды шешуге бағытталған. Облыстың 500 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз”, – деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Құрылыс жұмыстарының қай уақытта басталатыны, жоба құны әзірге белгісіз. Алайда жоба қаланың және қала маңындағы аймақтың Бас жоспарын және Алматы агломерациясының қала құрылысы жоспарының кешенді схемасын ескере отырып әзірленетін болады.
“Компания жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық бойынша ұсыныс дайындайды. Жоба алдын ала мемлекеттік-жекешелік әріптестік МЖӘ шеңберінде іске асырылатын болады, жеке инвестициялау нұсқалары қарастырылады.
Бұған дейін аталмыш жоба шеңберінде Талғат және Қаскелеңде көлік тұрағы пайда болатыны айтылды. Тұраққа көлікті қалдырып, LRT арқылы Алматыға жетуге мүмкін болады. Шілде айында түрік компаниясы техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға кіріседі.
LRT ұзындығы 80 шақырым болмақ. Алматы мен Қонаев арасындағы жолды қосқанда 150 шақырымды құрамақ. Ал құрылыстың 1 кезеңі Талғар-Алматы арасында LRT салудан басталады. Қонаев-Алматы жобасы 2-кезекте қаралады.