No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

20 жастағы жастарға 20 кеңес

15.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
18
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың» дейді қазақ. Ал осы жасқа жеткенше жалындап, еңбек етіп, ерінбейтін шақ – 20 мен 25-тің арасы. Kazbusiness.kz порталы америкалық жазушы, бизнес-тренер Жульен Смиттің жиырмадағы жастарға арнап қалдырған ақыл-кеңесін оқырманға ұсынады. Өмірде табысты болғысы келетін әрбір 20 жастағы азамат алғашқы қадамын жасау үшін төмендегі 20 дүниені білуі тиіс.

1. Білімсіз адамнан ақша алу оңай. Банктік жүйені білмейтін адам несиені өте көп мөлшердегі үстемемен алып, соңынан сан соғып қалады. Бақытты, бай және тәуелсіз болғыңыз келсе, мүмкіндігінше білімді болуға тырысыңыз.

2. Білім беру институттарына біржақты сене берме. Олар оқу жоспарын дайындап жатқанда жүйе тез өзгеріп кетеді. Біреудің соңынан жүріп оқығанша, көш бастау арқылы білім алған дұрыс.

3. Мүмкіндігінше көп оқы. Еске сақтау қабілетіңді жақсарта отырып, тез оқуға тырыс. Бір аптада кем дегенде бір кітапты оқып шығуға болады.

4. Әрдайым барлық адаммен байланыста бол. Өзіңді байланыс жасаудың шеберіне, қарым-қатынастың маманына айналдыр. Адамдардың бойынан жақсы қасиеттерін көруді әдетке айналдыр. Оны сол жақсы қасиетімен таны.

5. Қарапайым боламын деп уақытты бос өткізбе. Қарапайымдылық – әр мәселені тек эмоциямен шешетін жол. Дұрысы, нақты әрекет ет.

6. Егер сізге әлдекіммен байланыс ыңғайсыздық туындатса, онда ол қарым-қатынасты үзгеніңіз абзал.

7. Үлкендермен көбірек қарым-қатынаста бол. Шешім қабылдауды үлкеннен үйренген дұрыс. Қатарласыңнан үйренудің еш нәтижесіз екенін біл. Себебі сіз бірнеше жылдан кейін ғана түсінетін дүниелерді жасы үлкен кісілер жақсы біледі.

8. Өзіңнен мықты адамдармен аралас. Онымен көп уақытыңды бірге өткіз. Мықтымен деңгейлес болуға, артынша озуға талпын.

9. Жоспарларыңды, ойларыңды дәл қазір жүзеге асыр. Ертеңгі күні қорқақтық танытып, тәуекелге бармауың мүмкін.

10. Шығынды барынша азайт.  Арманың мен мақсатыңа жету үшін қаржы керек болады.

11. Тәжірибе жинақта. Үйге жаңа жиһаз сатып алғаннан гөрі Парижге барған адамға көбірек рахат сыйлайды. Өмірді көр. Жаңа дүниелермен таныс.

12. Жағдайың нашар болса, ең бірінші материалдық мәселені шешу керек. Ғаламторды пайдаланып аукциондардан керек затты жеңілдікпен алуға болады.

13. Жоба жасап үйрен. Бұл логиканы дамытып, есте сақтау, елестету қабілетіңді дамытады.

14. Жастайыңнан салмақ арттырма. Бастапқыда білінбеуі мүмкін, алайда өз дене бітіміңді бір қалыпта ұста.

15. Тамақ жасауды үйрен. Бұл өміріңді жеңілдетіп, ақша үнемдеуге көмектеседі. Тамақ жасауды жұмыс деп емес, көңілге жағымды іс деп ұғу керек. Әрине, бұл арқылы ақшаңды оңға-солға шашпайсың.

16. Ұйқың бір қалыпты болсын. Ұйқы мен тұрақты тамақ артық салмақ қосудан құтқарады. «Мен мынаны жасай салайын» немесе «О жақта ұйықтап үлгеремін» десең айтайын: «Ұйқың тыныш болмаса, жұмыс та өнімді болмайды».

17. Блокнотың болсын. Миыңа сенбе. «Мынаны істеуім керек пе еді?..» деген оймен емес, қағазда жазылған нақты тапсырманы орында.

18. Алдыңа үлкен мақсат қоя біл де, оны орындауға мүмкіндіктер ізде. Мақсатыңызды айқындап алсаңыз, мол табысқа кенелуге мүмкіндік те мол.

19. Бір саланың маманы бол. Айналсоқтап жүрмей, бір іске 5 жылыңды арна. Одан кейін мамандықты ауыстырғың келсе, ерік өзіңде. Бірақ ауысқан салаңа сенімді бол.

20. Адамды түзеймін деп әуре болма. Дұрысы, басқа адамдарды, басқа ортаны іздеп тап.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

«Nurzada» тәттілері: 20 жасар кондитер кәсіпке қалай келді?

21.11.2022

Қазақ-қырғыз шекарасында көлік жарылып кетті

11.06.2023

Шымкент қаласының әкімі 2 миллион теңгеге жуық жалақы алады

30.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа