Қазақстанда инфляция қысқа мерзімді перспективада екі таңбалы деңгейде сақталады және 2023 жылдың ақпанында шарықтау шегіне жетеді. Бұл туралы Ұлттық банктің ақша-несие саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский айтты.
Өткен болжамды раундтың қорытындысы бойынша, жарияланған инфляцияға қатысты алдыңғы бағалау көтерілу жағына қарай біршама қайта қаралды. 2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында қалыптасады.
Қысқа мерзімді кезеңде инфляция 2023 жылғы ақпанда өзінің ең жоғары мәніне жетіп, екі таңбалы болып қалады. Бұл бірқатар азық-түлік өнімдерінің, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, бірінші кезекте, жоғары импорттық құрамдас бөлігі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалғасып отырған бағасының өсуін, сақталып отырған жоғары базалық инфляцияны білдіреді, – деді Денис Чернявский