Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мемлекетке 2,9 млн гектар пайдаланылмаған жер телімі қайтарылғанын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда мемлекетке 2,9 млн гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды және 2023 жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша нақты шешімдер қабылданады, – деді ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Оның айтуынша, осы көлемді жұмысты атқару үшін қосымша 200 штат бөле отырып, жер инспекциясы функциясын нығайту қажет.
Сондай-ақ, АШМ басшысы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша мониторинг жүргізу функцияларын дұрыс орындамаған жағдайда аудандар әкімдерінің және жер қатынастарына жетекшілік ететін облыс әкімдері орынбасарларының жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.