No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

214 мың оңтүстік астаналық тұрғын өзін банкрот деп жариялай алады

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң аясында қарызы бар Алматы қаласының 214 мыңнан астам тұрғыны банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Алматы қаласы МКД баспасөз қызметі хабарлады

05.01.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Рәсімдердің 3 түрі қарастырылған. Ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бірінші рәсім: соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша келесі шарттарда қолдануға болады:

1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК)аспаса;
2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса;
3. тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болса;
4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізілсе;
5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмаса.

Екінші рәсім: сот банкроттығы – жеке тұлға бұл рәсімді 5,5 млн.теңгеден астам борыштар бойынша, сондай-ақ борыштардың қалған түрлері бойынша қолдана алады.

Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды.
Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады (мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат беру және т.б.).

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына заңды тұлғалар мен ЖК банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар кіруге құқылы.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Соттан тыс және сот банкроттығы қолданылған сәттен бастап:

– борыштық міндеттемелердің мерзімі өткен болып саналады;
– несие берушілерге борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады;
– айыппұл (өсімпұл, айыппұл) мен сыйақыны есептеуді тоқтатылады;
– қарызды өндіріп алу туралы соттардың шешімін орындау тоқтатыла тұрады;
– борышкерге қарыз алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.
Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы-одан кейін адам “банкрот” мәртебесін алмайды.

Азамат банкрот деп жарияланғаннан кейінгі мынадай шектеулер енгізіледі:

1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға тыйым салу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
2) қайта банкроттық 7 жылдан кейін ғана мүмкін болады;
3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

“Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, яғни несие берушінің борышкердің банкроттығын беруге құқығы жоқ. Банкроттық туралы өтінішті борышкер “E-salyg Azamat” мобильді қосымшасы, E-gov веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы жібере алады. Бұл ретте, ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіріс өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады”, – деп жазылған хабарламада.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Швейцариялық компания Маңғыстауда үш балық өсіру кешенін салуды жоспарлап отыр

18.11.2022

Шетелдік бизнесмендердің Қазақстанға 4 млрд теңгеден аса қарызы бар

21.04.2023

Абай облысындағы орман өрті: бірнеше жауапты тұлға күдікті деп танылды

01.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа