Бүгінгі күні экологияға орасан зор кері әсер беруші және өте шулы көліктерге қатысты айыппұл немесе ескертулер берілуде. Заңға сәйкес әрбір автокөлік иесі заңда көрсетілген нормалар мен заңдарды сақтап, орындауы шарт. Бүгінгі күні транспорт қоршаған ортаны ластаушы басты элементтердің бірі, пайыздық үлесі шамамен 16 пайыз. Осындай факторларды азайту мақсатында заңға бірқатар ерекшеліктер енгізілген. Мысалы: қатты дауыс шығаратын немесе ауаны ластау индексі тым жоғары көліктің иесі болып табылатын-жеке тұлға 10 мрп көлемінде, ал заңды тұлға 100 мрп көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді. Жыл ішінде аталмыш қылмыс қайталанса, айыппұл екі еселенеді. Ішкі істер министрлігі осы орайда автокөлік иелері мүліктерін жөндеу жұмыстарына апарып, заңда көрсетілген нормаларға сәйкестеуі маңызды. Талаптар орындалмаса, мемлекеттік нөмір тартып алынуы қаупі бар. М1 және N1 категорияларына кіретін автокөліктердің түтін шығару индексі- 1100 айналымнан аспауы шарт.