Қазақстандық KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,92 теңгені құрады.
Шетелдік валюта демалыстардан кейін 7,38 теңгеге арзандады.
Рубль бағамы 8,3 теңге болды.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 478-479 теңгеден сатып алып, 482-483 теңгеге сатып жатыр.
Айта кетейік, доллардың 23-25 шілдедегі ресми бағамы – 483,88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 477,86 теңге, сату – 482,32 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,39 теңгеден сатып алынып, 481,55 теңгеден сатылып жатыр.