Қазақстан қор биржасы (KASE) 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 464,49 теңге (+0,62) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 63,97 теңге (+0,83) болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,49 теңгеге дейін көтерілді.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 452,1 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 465-469 теңге, еуро 455-461 теңге, ресей рублі 7,13-7,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.