No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

65 мың азамат 5 жылдан бері қарызын жаппай жүр

02.12.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда 1 миллионнан астам адамның қарызы бар. 365 мың азамат 5 жылдан бері мүлде берешегін жаппай жүр, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 1 миллион 400 мың адамның мойнында жалпы сомасы 1 триллион 450 миллиард теңге қарыз бар.

Оның төлемі 90 күннен артық кешіктірілген. Ал 365 мың азамат 5 жылдан бері мүлде берешегін жаппай жүр екен. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, елде несиесін өтей алмай жүрген 1 миллион 400 мың адам өзін банкрот деп жариялап, қаржылық жағдайын жақсарта алады. Қаржы министрлігі банкроттық туралы заңды бүгін түсіндірді.

«Біз осы заңнаманы әзірлеген кезде халыққа теріс тиетін, ауыртпашылық келтірмейтін оң жақтарын көздеуге тырыстық. Осы нормаларды әзірлеп, дайындап қазіргі таңда Мәжіліске өткізілді», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Қазір Мәжілістің қарауында жатқан құжатта банктрот деп жариялаудың үш нұсқасы жазылған. Алғашқысы, соттан тыс банкроттық. Яғни, банктер мен микроқаржы ұйымдары, коллекторлар алдындағы берешегі 4 миллион 900 мың теңгеден аспайтын адамдар үшін арналған. Келесі процедура – сот арқылы банкроттық. Ол өтелмеген берешегі 4 миллион 900 мың теңгеден асатын азаматтарға қатысты.

«Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі. Тұрақты табыс болған жағдайда қарызды төлеу үшін 5 жылға дейін сот тәртібімен бөліп төлеу құқықтары және мүмкіндік қарастырылады. Бұл да заңды тұлғаларға қолданылатын процедура. Банкроттыққа жеткізбей реабилитация дейміз. Оңтайландыру дейміз. Сондай мүмкіндік осы жеке тұлғаларға да қарастырылып отыр», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ саны артты

18.07.2022

13 млн теңге пара алғаны үшін “Семей орманы” табиғи резерватының басшылығы сотталды

30.05.2023

Олег Тиньковтың кәсіпкерге берер кеңестері

02.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа