Антикордың 2022 жылғы Ұлттық есебіне сәйкес, барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 2021 жылы – 1 557 болған, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды, 2021 жылы көрсеткіш 892 адам болған. Олардың ішінде:
- ішкі істер органдарының қызметкерлері (жұмыскерлері) – 187 (2021 жылы 207);
- әкімдік қызметкерлері – 143 (2021 жылы 145);
- әкімдер – 7 (2021 жылы 5);
- Қаржы министрлігі – 40 (2021 жылы 34);
- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18 (2021 жылы 19);
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14 (2021 жылы 5);
- Денсаулық сақтау министрлігі – 5 (2021 жылы 16);
- Төтенше жағдайлар министрлігі – 5 (2021 жылы 5);
- экономикалық тергеу қызметі – 5 (2021 жылы 4);
- прокуратура – 5 (2021 жылы 3);
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 5 (2021 жылы 2) адам;
- судьялар – 2 (2021 жылы 3) және де басқа тұлғалар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді.
«Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13 %-ды (733-тен 827-ге дейін) құрады», – делінген хабарламада.
Бұған қоса агенттік дерегінше, кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
«Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы 108 млрд. теңгені құрады. Жалпы, Агенттік 653 млрд. теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті», – делінген есепте.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн. теңге сомасына сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды.
2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.