No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

700 мың теңге: елдегі ең жоғары зейнетақы мөлшері

26.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан асты, деп хабарлайды kazbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 желтоқсанына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2 %) артық көрсеткішке ие.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% ұлғайып, шамамен 436 млрд теңге болды.

Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді – 94,5% – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 млрд теңгеден асты.

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29% (немесе 329,5 млрд теңгеге), МЗЖ – 39% (немесе 19,4 млрд теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім – 212% немесе 1,4 млрд теңге ЕЗЖ шоттарында орын алды.

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 трлн теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 млрд теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ). Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58% төмендеді.

Жасы бойынша төлемдер 22,6% ұлғайып, шамамен 109 млрд теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады.

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 4,9 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,2 млрд теңге аударылды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн бірлік болды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – 10,9 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны – 592 250 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары есебі бойынша 356 116 ЖЗШ ашылды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда әйелдер басқаратын компаниялардың саны 4%-ға артты

02.09.2022

Кәсіпкерлер лифттерге қызмет көрсететін компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрайды

19.01.2023

Қытаймен визасыз режим: Қазақстандықтар қандай жеңілдіктерге ие болады

12.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа