No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

А/В тестілеу немесе бизнестегі кәсіби терминдер

24.10.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бизнес өзге салалар сияқты белгілі бір терминдерден тұрады. Кез келген кәсіп иесі немесе бизнес бастаймын деушілер оны білуі керек. Назарларыңызға кеңінен қолданыста жүрген бизнес-терминдер тізімін ұсынамыз.

А/В тестілеу – тауардың екі нұсқасын салыстыру. Бұл арқылы қай тауардың тез сатылатынын немесе тиімді екенін тексеруге болады.

Блеймсторинг – мақсатқа жетуге кедергі болған факторды немесе адамды ұжым болу іздестіру әдісі.

Бутстреппинг – компанияны сырттан қаражат іздемей-ақ, өз қаржысымен қамтамасыз ету.

Бенчмаркинг – компанияның көрсеткішін жалпы саланың орташа көрсеткішімен, бәсекелестердің статистикасымен салыстыру.

Ашық мұхит (гроубой океан) – бәсекелестік жоқ жаңа сала.

Дауншифтинг – жалақы және мансаптан бас тартып, «өзі» үшін өмір сүруді дәріптейтін өмірлік философия.

Дисижнмейкер – шешім қабылдайтын маман. Бұл термин сату бөлімінде маңызға ие.

АТ-евенгелист – ақпараттық технологиялар саласында насихаттаумен шұғылданатын маман.

Краудинвестинг – онлайн-сервистер арқылы инвестиция жинау процесі.

Краудшиппинг – қажетті маршрут арқылы жүретін қарапайым турист немесе жолаушы арқылы тауарды жеткізу.

Маркетингтік лид – сайтта байланыс нөмірін қалдырған тұрақты клиенттер немесе тауарға қызығушылық танытқандар.

Митап – тәжірибе алмасуға немесе мәселелерді талқылауға бағытталған мамандардың кездесуі.

Необанктер – қызметті ғаламтор арқылы көрсететін банктер.

Перфоманс-менеджмент – мамандардың кәсібилігін, мақсатқа жету процесін бақылауға бағытталған басқару үлгісі.

Пивот – бизнес-үлгіні, тауарды немесе стартаптың саласын өзгерту.

Прекариат – жүктелген міндетті уақытша орындайтын мамандар.

Роадмап – компанияның алдағы әрекеттерін жоспарлау.

Токен – инвестордың кәсіпорыннан алып отыратын цифрлық активтері.

Трекшн – белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.

БСҰ (бірегей сауда ұсынысы) – компанияның бәсекелестерден артықшылығын көрсететін ұсыныс.

Экзит – компаниядағы үлесті сату.

ARR (Annual Recurring Revenue) – жаңарып отыратын жылдық табыс.

Burn rate – ай сайынғы компанияның шығыны, орта есеппен алынады.

MVP – тауардың қарапайым прототипі. Бұл нарықтағы сұранысты тексеруге арналады.

CPC – ғаламторда жарнама беру. Сайт иесі өз сайтында жарнаманы орналастырады. Ал клиент оның қаржысын төлейді.

Churn rate – компаниямен қарым-қатынасты тоқтатқан тұтынушылар саны.

Deadlock – бірнеше процесстің бір-біріне бөгет жасағандықтан тығырыққа тірелуі.

MRR – ай сайынғы өзгеріп отыратын табыс мөлшері.

NPS – клиент тәжірибесін және компаниямен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін құрал.

ROI – инвестицияның ақталуы. Әрбір жұмсалған қаржыдан түскен пайда мөлшері.

UGC – тұтынушылық контент. Клиенттердің пікірі негізінде пайда болған контент.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 6,9%

14.10.2022

Жұмысынан айырылған адамдарға төленетін әлеуметтік төлем көбейетін болды

06.01.2023

Райымбек ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі бірден 42% — ға төмендеді-Сұлтанғазиев

06.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа