Абай облысында 2 шілдеде сағат 11:00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Оқиға орнына қарауылдаумен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу барды.
“Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектар, елді мекендерге қауіп жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту талап етілмейді.