No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алакөлдік 210 адам кәсіп бастауға қаржы алды

«Еңбек» бағдарламасының елге берері әлі де таусылмақ емес.

03.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
30
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Өткен жылы дәл осы бағдарламаның аясында 210 адам қаражат алып іс бастаған.  Басым бөлігі, яғни 174-і мал шаруашылығымен айналысуға көңіл бөлсе, құс өсіруге 1, 11 азамат өндірісте бағын сынамаққа бел буса, 24-і қызмет көрсету саласына бет бұрған. Осылайша, аймақтағы жұмыспен қамту бойынша келелі істерге жол ашылып, жұмыссыздар қатары азайды.

Табысқа жеткізер мыңдаған ойларын ортаға салып, жүйелі бизнес жоспар құрып, кәсібінің тұрақты әрі қолайлы екенін дәлелдеген жандар мемлекет тарапынан арнайы грантқа қол жеткізді. Жартылай жеңісті қанжығаларына байлағандар бүгінде өз ісін жалғастыруда.

«Еңбектің» ебін тапқандардың бірі – Қаламқас Қасымова. Ол Достық ауылының тұрғыны.  «Бастау Бизнес» жобасы негізінде білім алып, «Kasia de Maria» ЖК-сін тіркеген.  Үкіметтен алған 583 мың қайтарымсыз грантқа өз ауылында киім тігетін ателье ашқан.   Жұмысын жалғастыруға қажетті құралдарды сатып алып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағада қызмет көрсетуде.

«Нарық бүйірден қысқанда бір айлыққа қарап отыру мүмкін емес. Өзімнің жеке ісімді ашу арманым еді.  Шағын кәсіп бастауға мемлекеттен қаржылай қолдау берілетінін естіп, қажетті білімді алып,  құжаттарды ретке келтірдім. Мен бастайтын кәсіптің елге қадет екенін көқрсету арқылы жобамды қорғап, көздегеніме жеттім», – дейді кәсіпкер қыз.

Тігін машинасың құлағында ойнаған әсмер ару, бұнымен тоқтап қалмақ емес. Қаламқас алдағы уақытта қорл асытндағы жұмысшылар санын ұлғайтып,  мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, кәсібін ұлғайтуға барын салуда.

Дәл осылай жеке кәсіпке қызығушылық танытқандардың қатарында  Құнапия Мәденбек те бар.  Ол да «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік жайлы білген-түйгендерін жетілдіріп, мемлекеттен қолдау тапқан.   Ол авто көліктерді көтерер техникаларды алып, қолжетімді бағада қызмет көрсетуді қолына алған. Олда Қаламқас сынды мемлекеттен берілген 583 мың теңгені алған. Артынша, «Казремонт» ЖК-сін рәсімдеп, Үшарал қаласында көлік жөндеу орталығын ашты.

«Сонау балалық шақтан-ақ техника дегенге үйір болдым.   Үйдің үлкендеріне еліктеп, түрлі көліктерді жөндегенде тапжылмай қарап отыратынмын. Бұл іс маған қатты ұнады. Өзімше бірдеңелерін шұқылап, жөндеуге септесуге қызықтым. Өсе келе қызығушылығым кәсібіме айналды. Арнайы грант ұтып, міне, өз ісімді бастадым. Қуанышымда шек жоқ, себебі жаңадан кәсіп бастауыма бұл бағдарлама үлкен көмек тигізді», – дейді Құнапия Мәденбек .

Қазіргі таңда аталған бағдарламаның игілігін көріп жатқан алакөлдіктер жетерлік.  Көпшілігі төрт түліктен табыс табуға ниет етсе, заманға сай қызмет көрсетуге де құлшыныс танытып отырғандар да жетерлік. Бастысы екі қолға бір күрек табылып, кәісіптің нәсібін көріп, нәпақасын айырып отыр.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Маған десе ату жазасын берсін”: Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

16.06.2023

Алматыдан ұшаққа мінген адамдар тамақтан уланды

05.05.2023

Сәнді сатушы Hugo Boss компаниясы бірінші тоқсаннан қорғаудан гөрі, ең жақсы сатылымдарда орналастырады – CNBC

07.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа