No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Алдаған туристік компанияны сотқа бере алады”: Умра жолындағы жалған виза дауы жалғасуда

04.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

72
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қажылыққа барған жүздеген қазақстандық қамауға алынды, оның себебі виза жарамсыз болған, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Жидда қаласына барған қазақстандықтар бас консулға хабарласып, полицияда отырғанын айтқан.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ұсталған жерлестеріміздің қолында қажылыққа рұқсат беретін виза болмаған. Барлығы бір компанияға алданып, туристік визамен барған. Онымен қажылық жасауға болмайды.

“Бас консул өз әріптестерімен бірге полиция учаскесіне барып, қазақстандықтарды қонақ үйге босатуға ықпал еткен. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол компания Сауд Арабиясына 300-ден астам қазақстандықты туристік визамен алып келген. Полицияда жүзден астам адам болды”, – деді Смадияров бүгінгі брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтарды полиция учаскесінен бірнеше автобуспен қонақ үйге алып барған. Түсіндіру жұмыстарынан кейін бір бөлігі заңға бағынып, қажылықты тоқтатуға келісті. Тіпті, өз ақшасына қайтып кеткендер бар. Алайда заңға бағынбайтындар да табылды. Олар полициядан шыққаннан кейін автобусты тоқтатып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

“Біз олардың қайда жүргенін білмейміз. Қажылықты жалғастырып жатқан шығар”, – деп атап өтті Смадияров.

Туристік компанияның басшысы да Сауд Арабиясында жүр. Олар 7-8 маусымға дейін 306 адамды елге қайтаруды жоспарлап отыр.

“Бүгінгі дерек бойынша (3 шілде) Мединада 2 топ қазақстандық бар. Олардың 18-і егде жаста. 5 шілдеде олар Қазақстанға оралады. Олар виза бойынша алдаған туристік компанияны сотқа бере алады. Туристік виза бойынша 306 қазақстандықты қажылыққа жіберген туркомпанияның өкілі Сауд Арабиясында орналасқан және қазақстандықтарға көмек көрсетіп жатыр”, – деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын қажылыққа барған қазақстандықтардың жалған визамен ұсталып, қамауға алынғаны туралы хабар тараған еді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Газдың ең қымбат тарифі – Қарасай ауданында – ДЕПУТАТ

18.05.2023

Көзделмеген қаржылық жағдайларда қандай әрекет жасау керек

05.01.2023

Қазақстандық студенттер Amazon компаниясында жұмыс істей алады

10.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа