No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлерге 7%-бен шағын несие беріледі

09.04.2023
Жаңалықтар
105
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ӘИҚ) мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға қауымдастық басшысы Эмин Әскеров, «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы Әйгерім Жаналинова және ӘИҚ басқа мүшелері қатысты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Кездесу барысында Ұлттық экономика министрі әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік көмекті, оның ішінде салықтық жеңілдіктер, қаржылық және ақпараттық қолдау мәселелеріне тоқталып өтті.

Оның айтуынша, биыл ақпан айынан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер үшін Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.

Тиісті тізілімге енген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеусіз жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады. Яғни, 7% мөлшерлеме бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инвестициялық мақсатқа – 1,5 млрд. теңгеге дейін несие қарастырылған, 500 млн. теңге – айналым қаражатын толықтыруға арналған.

Сондай-ақ, оларға инвестициялық мақсатқа 20 млн. теңгеге дейін несие, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін 7% мөлшерлемемен шағын несиелер берілетін болады.

«Министрлік әкімдіктерге жеке бизнесті қолдау кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер үшін басымдықтарды анықтауды ұсынды. «Даму» қорының, жергілікті бюджеттің және басқа да көздердің аралас қаражаты есебінен түпкілікті мөлшерлемесі 1% құрайтын ШОБ субъектілерін қолдаудың өңірлік бағдарламалары шеңберінде несиелер/микрокредиттер бойынша субсидиялар берілетін болады», – деді Ұлттық экономика министрі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Қаржылық емес қолдау шаралары аясында бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету, «іскерлік қарым-қатынастар» құралы және «Мен – Кәсіпкер» жобасы бойынша бизнесті жүргізуді оқыту қарастырылған.

Сондай-ақ, кездесу барысында осы саладағы өзекті проблемаларға қатысты мәселелер көтерілді. Бұл әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін бағалаудың бірыңғай критерийін құру, жобаларды іріктеу, комиссия құрамын қайта қарау, тізілімді қалыптастыру, несие беру кезінде ЕДБ-нің (екінші деңгейлі банк) кепіл саясаты және т.б.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров барлық айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын белгілеп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді. Министр өңірлік сапарлар кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер нысандарына баруды жалғастыратынын айтты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Әлемдегі ең көп ішімдік ішетін елдердің тізімінде Қазақстан 100-ші орында

09.07.2023

20 жыл бұрын елге оралған қандасымыз табысқа жету құпиясымен бөлісті

03.11.2022

Жамбылдық өнеркәсіп кәсіпорындары 390,7 млрд теңгенің өнімін өндірді

08.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа